«Қазақ тілі» пәнінен ІY тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Сыныб: 2 «А»
Пән мұғалімі: Искакова С
Оқу мақсаты: 2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды\ұнамайды,себебі...,пайдалы\пайдасыз болды, себебі..) білдіру
2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау.
2.2.1.1 Cұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау.
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу.
Бағалау критерийі:
Білім алушылар ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
Білім алушылар ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
1 тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Түс кезі. Екі дос мектептен қайтып келе жатыр. Қызу әңгімелесіп,тым көңілді келеді. Екеуінің қолында да ішінде шұжығы бар ақ тоқашы бар. Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп, тоқашты қаужалап қояды. Қажыкен тоқашының қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қойды. Ал Болат қалған тоқашын бір кескен шұжығымен бірге жолға қарай лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп, қуалай жөнелді. Нанды домалатып, біраз жерге апарып тастады. Қажыкен досын әрең қуып жетіп, ұрса бастады. Оған осы тоқаштың мыңдаған адамдардың еңбегімен, маңдай терімен келгендігін, соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді. Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта әрең жүріп келе жатты.
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтіннің тақырыбы
Мәтіннің негізгі ойы
Мәтін не туралы?
Қажыкен Болатқа не үшін ренжіді деп ойлайсың?
Болат қандай қателік жіберді?
Мәтіннен қандай ой түйдің?
2 тапсырма
Сөздерге сұрақ қоя отырып, сөз таптарына ажырат. Әр сөздің бағанмен қиылысқан тұсына «+» таңбасын қой.
Сөздер
зат есім
етістік
сын есім
сан есім
дара
күрделі
дара
күрделі
дара
күрделі
дара
күрделі
оқып отыр
жұлдыз
екі
сары ала
тасбақа
үлкен
бес жүз он
жуынды
3 тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін түрін анықтап сәйкестендір.
4- тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. 5 сөйлем.
Тірек сөздер: түрліөсімдіктер, жануарлар әлемі, сұлу, табиғаты тамаша, айдын көлдер, ну орман, асқар таулар, гүлдер, жазира дала, мөлдір бұлақ, сағыну, мақтан ету, қорғау.
Суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбына мәтін құрастыр.
Мұғалім: Сəлеметсіңбе
Оқушы: қалыңыз қалай
Мұғалім: Шүкір жақсы. Қандай шаруамен келген?.
Оқушы: Мен Қазақ тілі сабағынан қосымша сабақ алғым келеді?.
Мұғалым: оның дұрыс. Бырақ неге менын сабағымнан( оқушыны сынау үшін сұрады)
Оқушы: мен қазақ жерынде тұрып қазақ тылын былмегеным ұят болады. Əрбір оқушы қазақ тылын жоғарғы дарежеде былу керек деп ойлаймын сондықтан үйренгім келеды.
Мұғалім : сенын ойың маған ұнады. Мен саган қуана қуана қосымша сабақ беремін. Қай кезде бос болсаң сол кезде келе гой.
Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.
Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар.
Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.