Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген . Олар көбіне жеңсіз болған . Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен , оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған . Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан . Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін . Қыздардың бас киімі -кестемен тігілген , төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия . Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі . Қыздардың тақиясы қызыл , күлгін , жасыл т.б. түстермен , шұға , барқыт сияқты маталармен тігіледі . Түрлі - түсті моншақ маржан , алтын , күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды . Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын « қасиетті құс » деп санағанынан пайда болған . Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле - орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім . Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі . Сондай - ақ кестемен , маржанмен әшекейленеді . Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі . Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген . Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе , ересек әйелдер аласа өкшелі киген , бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген . Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі . Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың Жыл басы Наурыз мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес . Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды . Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді . Мұның басқа жолын іздестірген абзал . Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру . Еліктегіш жастардың бір - екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе , бұл үрдіс сәнге айналып кетуі әбден мүмкін . Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде тігу , кеңсе киімдерін қазақы ою - өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі мақсатымыз . Үзіндінің қай тұсы әсер етті ?
Неге ?
Какая часть отрывка повлияла на вас? Почему?
Ертеде бір саудагер ылғи алтын мен күміс жинапты. Алтын мен күмістен басқа байлықты байлық демепті. Алтынды біреуден алдап алыпты, біреуден арбап алыпты.
Біреуден тартып алыпты, біреуден артып алыпты. Не керек: берсе қолынан, бермесе жолынан алыпты. Біреуде алтын бар деп естісе-ақ болғаны, ол адам түн аспапты. Жылан болып шағыпты да, алтынын алыпты, үкі болып ұшыпты да, қорасына түсіпті, күмісін алыпты. Алтынның құлы болған саудагер алтынға арын да, жа- нын да сатыпты. Қорадағы малын да, қамбадағы дәнін де алтынға айырбастапты. Сөйтіп күмістен күмбез, алтыннан айшық орнатып, әсем сарай салдырыпты. Оны алтынмен аптапты, күміспен қаптапты. Аспандағы айды алып айшығына, көктегі жұлдызды алтын күмбезіне қондырыпты.
Салтанатты сарайға, сарайдағы сары алтынның буына, күмістің көбігіне көзі тұнып, есіріп жата беріпті. Аждаһадай ысқырып, халық байлығын лебімен өзіне тарта беріпті. Халық зарлапты да қарғапты.
Әлдеқалай бір жылы құрғақшылық, қу тақыр болып, егін шықпайды, ел ашаршылыққа ұшырайды. Әркім қолдағы барын шашпай-төкпей, ысырап етпей, тартына үнемдейді. Қанағатты қарауыл қойып, тамағын тарта жейді. «Тарта жесең тай қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең не қалар» деген. Күн пейілі кеңеймей тұрғанда, азға місе етіңдер, азды аяп, тақты талдап жеп, талшық етіңдер, тоқпейіл болыңдар», – дейді жұрт бір-біріне жаны ашып.
Қыл құйрықты мал, қауызды дән алтыннан артық бағаланады. Қыздың құлағындағы сырға, қолындағы сақина, тамағындағы тана, өңіріндегі ілгек, білегіндегі білезік, шашындағы шолпы – бәрі-бәрі қиылады да жұлынады, саудагердің сарайына жиналады. Бәрі арзан, су тегін кетеді. Бірі уыс ұнға, бірі тостақ бидайға, бірі табақ арпаға айырбасталады. Қанағатсыз саудагер қамбадағы ең соңғы азығын сыпырып, тана түймеге айырбастап, қаңыраған құр сарайдың ішінде шоңқиып отырып қалғанын бір-ақ біледі. Қамбадағы азық қағылып, қорадағы мал таусылып, саудагер саса бастайды, қарны аша бастайды. Қайта айырбастың қамын істеп, залымдыққа салынады, неше түрлі құбылады, бірақ бұл шақта халықтың бір-біріне ашық есігі саудагер келгенде тарс жабық еді. Саудагердің алтынына ешбір қауызды дән, қыл құйрықты мал айырбасталмайды. «Алтыныңды жеп, күмісіңді кемір де отыра бер. Өлмесең, өрем қап! «Алтын, алтын, алтынсың, алтын түбі – салқынсың, күміс, күміс, күміссің, күміс түбі – зымыссың» дейтін шындық бар-ды. Сен шындықты аяққа бастың, жалған істі жалау еттің. Залымдықтың жолы – өлім! Сары алтының сары шаян бо- лып шағар сені, ақ күмісің ақ жылан болып оралар, буындырып өлтірер сені...» дейді бір адам оған.
Кеше ғана өзіне ыстық, құмарлы, пәрменді алтын мырза, кере- метті күміс төре, саудагерге салқын да суық көрінді. Халықты қоғадай жапырып, судай сапырған азулы аждаһа саудагер бір мезетте басынан бағы тайып, қанат, құйрығы кесіліп қалғанына шашын жұлып, бармағын тістеп өкінеді. Ойбай салып, өкіреді.
Ол орнынан тәлтіректеп тұрып, есігін ашып:
– Ей, халайық! Барлық алтынымды алыңдар да, бір қасық астық беріңдер! – дейді.
Ешкім сөзін тыңдамайды.
Ертеңіне есігін тағы ашып:
– Ей, халайық! Барлық алтынымды алыңдар да, бір дорба астық
беріңдер! – дейді.
Ешкім құлақ та салмайды.
Үшінші күні есігін ашып:
– Ей, халайық! Барлық алтынымды алыңдар да, бір табақ
астық, бір тілім нан беріңдер! – дейді.
Бұған да ешкім құлақ аспайды.
Сөйтіп, алтын, күміс ас болмай, ақыры аштан өліп бара жатып,
сарайының маңдайшасына: «Жалғанды шындық жеңеді екен. Халық қаһарына ұрынған өледі екен. Арпа, бидай – ас екен. Алтын, күміс – тас екен» деп жазып кетіпті.
үй сатып алсаң көршіне қара,
жер сатып алсаң суына қара.
Атаның орны балаға қалады. Адам өмірі туралы Ұл туса - әкеге тартар. Адам өмірі туралы Ата өлсе - бала аман. Адам өмірі туралы Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің. Адам өмірі туралы Сұлу әйел алған - өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған - өмір бойы құл болып өтеді. Әйел, ана туралы Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз. Жақсы мен жаман туралы Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. Жақсы мен жаман туралы Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың. Мінез-құлық туралы Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын. Достық туралы Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда. Достық туралы Дос достың кемшілігін кешіре білер Достық туралы Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. Сауда-саттық туралы Сыйлағанды - сыйла, илегенді - иле. Әдептілік, сыйластық туралы Ағайынмен - сыйлас, үлкен мен кішіге - күле қара. Әдептілік, сыйластық туралы Халық бүлінсе - саясат түзейді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Халық тарықса - үкімет жұтайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма! Сақтық туралы Қылыш қан төксе - иесі ел билейді. Соғыс туралы Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы. Бек, хан туралы Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы. Бек, хан туралы Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар. Бек, хан туралы Бек қайда барса - құлы сонда. Бек, хан туралы Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің. Бек, хан туралы Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң. Бек, хан туралы Сараң бек ел билей алмайды. Бек, хан туралы Қылыш - ел шауып, қазына құрайды. Қару-жарақ туралы Күле сөйлесең - күллі тілегің орындалар. Жылау-күлу туралы Не ексең - соны орасың. Еңбек туралы Сайтан сүйгенді - құдай сүймейді. Дін, иман туралы Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар. Жақсы мен жаман туралы Жақсы іс көп жасайды. Жақсы мен жаман туралы Жақсыдан - шарапат. Жақсы мен жаман туралы Жаман мінез жау қылмағанды қылар. Жақсы мен жаман туралы Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді. Жақсы мен жаман туралы Жаманға жуыспа. Жақсы мен жаман туралы Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді. Жақсы мен жаман туралы Жазасын тартпайтын жамандық жоқ. Жақсы мен жаман туралы Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады. Жақсы мен жаман туралы Әділ сөз ащы көрінер. Әділдік туралы Әділ заң - тірегің. Әділдік туралы Әділдік жолын өзің аш