Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация» Оқу мақсаты 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады
• Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.
2-мәтін
Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантастикалық әңгімелері төңірегінде. Баянымызды сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипа¬тына аз-кем тоқталған жөн шығар.
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ санасындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде баба¬лары¬мыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.
Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял.
1-мәтін 2-мәтін
Тақырыбы
Кімдерге оқуға арналған?
Қандай стильде жазылған?
Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз
2. Фантастика жанрын сүйіп оқитындардың тарапына айтылған мынадай сынның куәгері болып жүргеніміз жасырын емес: «Ертегі оқығанша, дұрыс ой салатын шығарманы оқы». Шынында, фантастика деген не? Бұл бағыт әдебиеттің нағыз шыңына шыққан классиктердің туындыларымен қатар тұруы тиіс пе әлде олар тек көңіл көтеру мақсатында жазылған шығарма ма?
Сауалға өз ойыңызды аргументтермен білдіре отырып, құылымы сақталған эссе жазыңыз.
атаның нақыл сөздерінен әртүрлі типтегі кейіпкерлерді іздестіріңдер.
• Берілген тірек сөздерге ие Қорқыттың нақыл сөздерін айтыңдар: бозторғай,
адам, қылыш, бөкен, ана, жомарт, қобыз, чл, шөп.
• «Күлді қаншама үйгенмен, төбе болмас», «Қара есектің басына жүген таққан-
мен, тұлпар болмас» деген нақыл сөздердің мәнін ашып, қорытынды ой айтыңдар.
• Қорқыттың нақыл сөздерін жаттап алыңдар. Жұптарыңмен бірге «Даналардан
шыққан нақыл сөз» тақырыбында пікірлесіңдер. Ой бөлісу барысында Қорқыт атаның
нақыл сөздерін қолданыңдар.
коркыт ата туылмай турганда аспан куркуреп катты дауыл сокты коркыт ата туылганда букили жаксы болды
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.[1