Кітап - білім бұлағы. Ал талайды білім нәрімен сусындатар кітаптар біздің кітапханамызда толы.
Мектебімнің кітапханасында небір түрлі кітаптар бар. Оларға қызығатыным сонша, оқып тауы білсем де, барлығын алып оқи бергім келеді. Оқыған кітаптарымның ішінен Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын сүйіп оқыдым. Оның "Менің атым -Қожа" туындысы естен кетпес балалық шақты суреттейді. Қожаның басынан өткен түрлі оқиғалар күлкіңді де келтіреді. Бірақ олардан алар тәлім-тәрбие көп. Және жазушының "Балалаық шаққа саяхатын" да оқып шықтым. Оқып отырып күлдім де,жыладым да. Жазушының өміріндегі қиындықтар, соғыс жылдарындағы азапты күй, мұның бәрі жүрегіңді сыздатып, көңіліңді құлазытады. Балалық бал дәуренді, бала күйді сондай шебер суреттеген жазушының дарынына тәнті болдым.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы.

Өңдеу