Бір күні зор қуғын болды. Үш үлкен жау Қараадырдың ойында тобылғылы шұбардан шығарып алып, екі қасқырды сатырлатып, бастырмалатып қуып берді. Екі айырыла қашты. Ақ қасқырдың желіні түгел қатқан жоқ екен. Бәрі бірдей соның соңына үңілді.
Көксерек еріксіз ойысып келіп, үшеуінің алдына өзі түсті. Екеуі қатар қашты. Беттері Қараадыр еді. Ерікке қоймай, жандай шауып, тауға жібермей қайырып алды. Ақ қасқыр ойға қарай қашты. Көксерек ерегесіп, тауға қарай тартып еді.
Мұның біреуі ғана қуып, екеуі ананың соңынан кетті. Ықтиярсыз айырылып кетті. Артында жерді дүрс-дүрс басқан қатты тұяқтар бұны енді ақ қасқырға қоспады. Сонан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асқан соң қуғыншыны адастырып, құтылып кетті. Бірақ серігі жоқ.
Сонымен қуғын күні Көксерек түні бойы ақ қасқырдың ізіне түсіп жортып еді. Бір төбенің ойына келгенде иіс те, із де бітті. Серігінің иісі жоқ, оның орнына ат, адам иісі мол білінеді. Ағып ұйып қалған қан көрінеді. Аз ғана иіскелеп, бір рет жалап дәмін де көрді.
Түні бойы көп-көп ұлыды, таң атқанша жер тарпып, шаң боратты, ыңырсыды, аунады. Ай астында әрлі-берлі сенделіп, көп аяңдап жүрді. Қасында көлеңкесі ғана жүреді. Тағы да жалғыз жортуылға түсті...
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар.
А) Үзіндіге тақырып қойыңдар
Ә) Мәтінде қарамен асты сызылып берілген сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңдер немесе мағынасы жақын сөздерді табыңдар.
Әлемде сан мың түрлі керемет бар.Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес.
Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді.
Алайда, қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі 2007 жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған болатын. Назарларыңызға әлемнің жаңа жеті кереметін ұсынамыз:
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үйрену ешуақытта артықтық етпейді. Қазақ атамның осы сөзінің жаны бар секілді. Дәл қазір 6 сынып оқушысы болсам да, болашақта көп тілді меңгергім келеді. Көп адамнан «Сізге бірнеше тіл білу қажет пе?» деп сұрасаңыз, «жоқ» деп жалтарады. Қазіргі таңда шет тілін меңгермесеңіз де, қазақ тілді ресурстардың жеткілікті екенін айтады. Өкінішке орай, мұндай адамдар біз өмір сүріп отырған қоғамда бар. Меніңше, тілдің пайдасы туралы оны білмейтін емес, білетін адамнан сұрауымыз керек. Себебі қуырдақтың нағыз тіл үйірер дәмін оны татып көрген адам ғана бағалай алады.
"Көп тіл білген көпті ілер" деп мен ағылшын тілін белгілі бір дәрежеде білемін. Шетелдік азаматтармен еркін тілдесіп, түсінісуге қауқарым жетеді. Дәл қазір екінші тілді меңгеріп жатырмын. Француз тілінде - махаббат, неміс тілінде - қызмет, италия тілінде - құштарлық, ағылшын тілінде - бизнес, орыс тілінде кез келген тақырыпта әңгіме айта аламыз. Мен бұл тұста нақты айтсам да, шынайы мағынасын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Кітап бір тілден екінші тілге аударылған кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Соның салдарынан көп адам оның құнарын байқамайды.
Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Оған басқаша көзқараспен қарайсыз. Әлемді басқа қырынан танудың қандай пайдасы бар? Біз өзгелердің мәдениетіндегі дүниені өзімізге сіңістіре аламыз емес пе?Көп тіл білу – өмір талабы деп ойлаймын.