Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html#image_big
© www.ZHARAR.com
Баласы әкесінің артынан келе жатыр.
Сын идет вслед за отцом.
Ағайын бірде араз, бірде тату.
Родичи и ссорятся, и мирятся, но никогда не расходятся
Мал қонысын іздейді, Ер туысын іздейді.
Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.
Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.
Cын берет пример с отца, дочь - с матери.
Досты періште қосады, құданы құдай қосады
С другом сводит ангел, со сватом сводит сам Бог
Приглашай родственников обедать, а не работать.
Қыз - қонақ
Дочь - гостья
Жақыныңды жат етсең, Жатқа күлкі боларсың.
Сторониться своих – стать посмешищем для чужих
Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек
С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың
Даже если трижды мать на себе в Мекку перевезешь - с долгом перед ней не рассчитаешься
Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық
Зять на сто лет, сват на тысячу
Муж голова, жена — шея.
Жақсы әйел жаман еркекті хан қылады.
Хорошая женщина плохого мужчину сделает ханом.
Жібекті түте алмаған жүн етеді, қызды күте алмаған күң етеді
Не умеющий расчесывать шелк - превратит его в шерсть, не умеющий заботится о дочери - превратит ее в рабыню
Жақсы әке - жаман балаға қырық жылдық ризық
Добрая слава отца сорок лет служит непутевому сыну.
Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды.
Маленький воробей и тот свое гнездо оберегает.
Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз.
Хоть и дурной, да брат родной. Где возьмешь хорошего?
Ағайын тату болса ат көп. Абысын тату болса ас көп.
Братья в ладу – коней много, невестки дружны – еды много.
Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар
Дом с детьми, что базар - шумлив и весел, дом без детей, что могила - тих и печален.
Бір ауылда мың туысың болғанша, Әр ауылда бір туысың болсын.
Чем тысячу родственников живут в одном ауле, лучше по одному родственнику - в каждом ауле
Жаман туыстан жат артық.
Добрый знакомый лучше плохой родни.
Анасын көріп қызын ал
Возьми замуж дочь, прежде узнав, кто ее мать
Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды.
Никудышная родня успехам завидует, а в нужде не может.
Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер.
Брат - брату пример, сестра - сестрице.
Атаның жүгі - атанның жүгі
Ноша отца тяжела, как вьюк верблюда.
Ата - балаға сыншы
Отец главный судья своего ребенка
Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай
Хорошая невестка, как дочь родная; хороший зять, как сын родной
Үйдің жылы-суығын
Қыс түскенде білерсің,
Кімнің алыс-жақынын
Іс түскенде білерсің.
Холодный или теплый твой дом – зима проверит, кто близок или далек – беда проверит.
Туғаныңмен сыйы кең дүниеге сыймассың.
Кто с родней в мире не живет, в просторном мире места не найдет.
Останется жена - найдёт мужа; останется дочь - найдет и молодца; останется сын - найдет богатство.