«Батыр Баян» жырының сюжеттік құрылымға сай мәтін бөліктері мыналар: 1. Абылайдың ақ туының астына жиналған батырлар
2. Батыр Баянның жиынға келмеуі
3. Баян батырдың қалмақтың хас сұлуына ғашық болуы
4. Қалмақ сұлуының арбауына түскен Ноян батыр
5. Екі жастың елді тастап қашуы
6. Баян батырдың ашуға ерік беруі
7. Екі жастың Баян батыр қолынан мерт болуы
8. Батыр Баянның Абылай қолына қосылып, жорыққа аттануы
9. Абылай ханның қалмақтар арбауына түсіп, кері шегінуі
10. Абылай қолынан бөлініп, батыр Баянның 100 жасақпен қалмақ қосына шабуыл жасап, қаза табуы
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.