Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі « дөпбұра » , « дәлбұра » , « дембұра » деген сөздердің тізбегі арқылы жасалған . Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады . Ғалымның пікірінше « том » деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады . Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға » айналған , « быра » тіркесі бір нәрсені шерту , тарту , дыбыс шығару деген мағына береді - мыс . Яғни домбыра сөзі « қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту » деген мағына береді . Домбыраны түрлі жағдайда тартуға бола береді , үйде отырып та , түрегеліп тұрып та , шалқадан жатып та , ат үстінде де . Бұл айтылғандар , халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартулары , шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп . Бірнеше күн бұрын кетіп қалып , екі - үш күннен кейін қайтып келіп , үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған « Топан » күйі адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді . 2 - мәтін Ертеде бір хан қызының кедей жігітіне ғашық болғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады . Күндердің бір күні егіз бала дүниеге келеді . Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес , құлақ естімес , алыс жерге апарып , жап жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа , қызды шығысқа қаратып іліп кетеді . Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады , жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады . Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма , оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады . Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп , демалады . Құлағына күмбірлеген сарын естіледі . Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп , ағаш үстіне шығып тыңдаса , жаңағы бәйтерек сынып кетеді . Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді . Екі басына бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді . Екі ішек самал желмен тербеліп , одан әуен шығады екен . « Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар » деп сол ағаштан аспап жасап алады Батысқа қараған ішегі бостау , шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен . « Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық , ал үстіңгі ішек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын » деп екі ішекке ат қойып , домбырасын тартып , күй шығарып кеткен екен . Екі мәтіннің стилін анықтаңыз
Қыспен адамдар католическое Рождество, жаңа жылды, православное Рождество, кәрі жаңа жылды, киелі Валентина күнін, 23 ақпанның кездестіреді.
Пришла зима. Зимние месяца это декабрь , январь , февраль. Зимой погода очень холодная. Зима это время буранов и морозов. Зима это время для праздников.
Зимой люди отмечают такие праздники как католическое Рождество, Новый год, православное Рождество, День Святого Валентина, который отмечается 23 февраля.