Берілген етістіктерді з шақта жаз. Үлгi: ЖАЗУ: Жазды - жедел өткен шақ, жазып омыр - нақ осы шақ, жазады - ауыспалы келер шақ. айту, дамылдау, дамыту, жетілдіру, саяхаттау
Мен үй жинаймын,және тамақ әзірлеуге көмектесемін.Үй жинағанда мен шаңдарды сүртемін,шаңсорғышпен кілемдерді тазалаймын,сосын еденді жуамын.Үйдің ауласын да сыпырғышпен сыпырамын.Сосын мен анама тамақ әзірлеуге көмектесемін.Менің сүйікті тағамым бешбармақ.Бешбармақты біз қонақ шақырғанда ,мерекелерге дайындаймыз.Менің анам ет пісіреді ,мен оған көмектесемін.Мен қамырдан жасалған жайманы жаямын Сосын оны біз сорпаға пісіреміз. Мен анама манты жасауға да көмектесемін.Манты тағамын жасағанда мен етті үсақ турауға көмектесемін... Мен әр түрлі салаттарды жасауға көмектесемін.
Сынып жетекшіміз сынып оқушыларын кітапханаға саяхатқа алып барды. Кітапханадағы апай бізді жылы жүзбен қарсы алды. Мұнда кітаптар өте көп екен. Қиял-ғажайыпқа толы ертегі кітаптар, қызықты әңгімелері мен суреттері көп әртүрлі журналдар бар. Кітапханашы апай бізді кітап көрмелерімен таныстырды. Әсіресе Президентіміз Нұрсұлтан ата туралы көрмеге көп тоқталды. Қазақстан туралы кітап көрмесі өте қызықты болды. Біз кітапханадан қызықты мағлұматтар алдық. Кітапханаға жиі келіп, қызықты кітаптарды оқып тұруға келісіп, әсерлі көңіл-күймен үйге тарастық.