Берілген өлең жолдарындағы эпифора мен анафораны, ассонанс пен аллитерацияны табыңыз.
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмиллаһ,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды...
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.
Зарлығының белгісі...
2. Сілтеу есімдігі
3. Сұрау есімдігі
4. Өздік есімдік
5. Жалпылау есімдігі
6. Белгісіздік есімдігі
7. Болымсыздық есімдігі
1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.