, Берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындандар. 1. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазыңдар. 2. Мәтіндегі негізгі ойды жазыңдар. 3. Мәтінге тақырып қойыңдар. 4. Мәтін мазмүнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңдар. 5. Мәтіндегі маңызды сейлемді жазындар. Бір патша ең жақсы әрі көркем сөз айтқан адамға 400 динар берем деп жарлық шығарыпты. Келесі күні нөкер лерімен сапарға шығады. Жолда зәйтүн ағашының көшетін отырғызып жаткан токсандағы қарияны жолықтырады. Қа рияны аяп кетсе керек, оның жанына аялдайды. Патша оған: Мына көшетіңіз жеміс бергенше, жоқ дегенде, жиырма жыл керек. Төріңізден көріңіз жақын қалғанда жемісін көрмейтін іске неге арам тер болып жатсыз?» - дейді. Сонда қария: «Бұрынғылар еккен ағаштың жемісін біз теріп жеген бола тынбыз, енді біз еккен ағаштан кейінгілер жемей ме?!» – дей ді. Патша: «Неткен әдемі сөз!» – дейді де, қарияға 400 динар бергізеді.
Айқындауыш мүше.
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады.
Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:
1. оңашаланған айқындауыштар;
2. қосарлы айқындауыштар.
1. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Мысалы: Біздің үйдің тұрғындары, әсіресе бірінші және екінші қабат тұрғындары, кіреберістің тазалығын қадағалап отырады.
Еліміздегі өзендер - Нұра, Сарысу, Сырдария - балыққа аса бай.
2. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
Мысалы: Менің атам инженер - конструктор болып жұмыс істейді.
Ауылымыздағы пошта бөлімшесіне телефон - автомат қойылды.
Есімдіктермен Қазақстан табиғаты туралы бес сөйлем
1. Бұл (сілтеу есімдігі) ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!
2. Осынау (сілтеу есімдігі) асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
3. Қазақстанның әр (белгісіздік есімдігі) аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.
4. Өздеріңіз (өздік есімдік) білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.
5. Әлдеқайдан (белгісіздік есімдігі) елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.