Берілген мәтіннен термин сөздер мен кәсіби сөздерді теріп жазыңыз және мағынасын түсіндіріңіз . " Астана - Бәйтерек " монументі « Астана - Бәйтерек » монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны , оның визитті карточкасы деуге болады . Жалпы , бәйтерек - ежелгі таным бойынша , тылсым қасиетке ие алып ағаш . Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін , тамыры жерасты , діңі адам әлемі , басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш . Бәйтерек ежелгі түркі сөзі , « бәй » - үлкен , алғашқы деген ұғымдарды , ал терек ( парсы тілінде - дарақ ) « ағаш » деген ұғымды білдіреді . Демек « Бәйтерек » екі сөздің бірігуінен жасалып , « зәулім ағаш » дегенді танытады . Оның идеясында « Самұрық » қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр . Қанатымен аспанды жауып , « Самұрық » тұр . Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді . Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда . Ал астында , тамырында айдаһар орналасып , түн мен қысты шақыруда . Монумент ұзын темiрлi құрылымдардан , шыныдан , металдан , бетоннан тұрғызылған . Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген . Күннің шапағына шағылысып , әртүрлі түске құбылып тұрады . көмектесіздерші
ответ:Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Объяснение: