В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
BoberTV
BoberTV
28.01.2021 09:57 •  Қазақ тiлi

Берілген сан есімдерден болжалдық сан есімдерді табыңдар. а). Жеті
ә). Екеу
б). Тоғыздарда
в). Бесінші

2). Дәйексөз дегеніміз не екенін табыңдар.
а). қызметке тұру үшін мағлұмат беретін іс қағазы
ә). өзге автордың өзгертпей алынған сөзі
б). қызметке тұру үшін керекті құжат
в). тұрақты тіркесті сөздер

3). Қазіргі кезде ең маңызды инновация не екенін анықтаңдар.
а). Ұшақ пен ұшу
ә).Жекежайда тұру
б). экспедиция жасау
в). Электронды кітапхана

4). Берілген сан есімдерден бөлшектіксан есімді табыңдар.
а).үштен бірі
ә). Екеу
б). Тоғыздарда
в). Бесінші

Показать ответ
Ответ:
dimaonisko
dimaonisko
12.02.2023 03:30
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
aleksа005005
aleksа005005
28.07.2021 18:12

Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.

Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.


Қыстырма сөздерді пайдаланып, суретпен әңгіме құра арғарай жалғасы
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота