Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр. 1. Су лалагүлі (құмыра) — суда өсетін гүлді өсімдік. Бұл — судың бетінде қалқып тұратын, үлкен өсімдік. 2. Қазіргі таңда семіз адамдардың қатары көбейіп келеді. Семіздік синтетикалық сусындарды, фастфуд тағамдарын қолданғаннан болады. 3. Жастардың денсаулығы қоғамда алаңдатушылық тудырып отыр. Қазақстан Республикасында жастарға арналған денсаулық сақтау орталықтары жұмыс істейді.
Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді.
Жалқаулық - адам бойындағы жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны жар бермейтін еріншек, бойкүйез, кежірлікті білдіретін мінездегі ұнамсыз сипат. Жалқаулық кежегесі кейін тартқан кежірлік, жайбасарлық. Жалқаулық шабан қозғалысымен, бойкүйездік еріншектігімен, кертартпа кежірлісімен айқындалатын адам мінезіндегі ерекшелік. Жалқаулық жұмыс істегісі келмей еріну, салғыртсыну сияқты адам мінезіндегі көріністерден де анық аңғарылады. Жалқаулыққа салыну кежегесі кейін тартып іс-әрекет етуге ерінуді білдіреді. Жалқаулық сияқты мінездегі жағымсыз сипаттан арылу үшін адам күнделікті тіршілікте өз алдына мақсат-міндет қойып, оны қалайда әрекет жасап жүзеге асыруым керек деген талап қойып отыруы қажет.