Берліген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мәтін құрастырып жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз. Жыл мезгілдерінің сұлулығы.
Зергерлік бұйымдар
Ұлттық қолөнер
Жыл мезгілдерінің сұлулығы. ;;Қыс суық мезгіл. Қыста қар жауып, аяз болады. Қыстың күні бүкіл табиғат атаулы терең ұйқыға кетеді. Көктем егін алқаптары үшін ең қолайлы мезгіл. Көктемде диханшылар егін егіп жатады, себебі бұл мезгілде жауын көп жауып, айнала жасыл түске енеді. Жаз ыстық мезгіл. Жаздың күні жан-жануар атаулы қыстың қамын жасайды. Жеміс-жидек, көкөністер өсіп, балалар көшеде асыр сала ойнайды. Күз айнала сұрланған мезгіл. Күзде күн енді салқындап, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар да күзде қысқа дайындық жасайды. Мен мезгілдердің бәрін бірдей сүйемін. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өщінше керемет екенін мойындау қажет.