В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
karinasss1
karinasss1
08.07.2020 10:44 •  Қазақ тiлi

Болашақ туралы шағын әнгіме !

Показать ответ
Ответ:
20070503nastia
20070503nastia
10.06.2021 10:26

Болашақ ғаламат, келешек ғажайып... Естіген құлақтың өзіне ерекше жағымды әсер сыйлайтын сөздер. «Болашақ» деген сөзді тамсанбай, жай айту мүмкін емес. Бәлкім, қанымызда бар қасиет шығар. Бірден көз алдымызға сағымдай бұлдыратып, әр нәрсені елестете бастаймыз.

Әркім – өз өмірінің суретшісі. Сондықтан да әр тұлға өз болашағын өзінше керемет қып суреттейді. Таңның атысы, күннің батысы төрт түліктің соңында жүрген ескі қазақ «өз қолы өзіне жеткен өмірді» аңсаған болар. Табаны тоз-тоз боп, «Елім-айлап» босып жүрген қазақ жауды жайпап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды тәтті қиялымен елестеткен болар. Көзі ашылып, көкірегі ояна бастаған зиялы қазақ азаттық, теңдік алар күнге үмітпен қараған болар... Біздің бабаларымыз не қиындық көрсе де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті емес пе? Ендеше, сол күн туды. Азаттықтың ақ таңы атты! Күні ертең тарихтың бетіне жазылар өтпелі бүгіннің көшіне, үміт еткен жастар, біз шықтық. Бүгінгі біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ.

Дана Абай айтыпты: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» - деп. Рас. Адамды адам ететін де – осы қасиет. Бір-бірінің аяғынан шалып, күндестік кесапатына шалдықпас үшін қазекеме осы әдетті әбден қалыптастыруға тура келеді. Өйткені өзінен-өзі есеп алып, өзіне ылғи көңілі тоймай, «Қайтсем жақсы болады?», «Қалай жақсы жаққа өзгерсем болады?» деп ойлана алатын адамның өзге жаман істе шаруасы болмайды. Ондай жастары көп елдің болашағы жарқын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жарқын болашақ жастардың қолында» ,- дейді. Бұл – біздің мойнымызға артылған үлкен жүк. Оны түсіну бар да, түйсіну бар. Болашақ туралы ойлану бар да, әрекет қылу бар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота