Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды. «Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі. Дүниежүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді – Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады. Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік болып, барлығын біріктіреді. Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тарихына бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздерде эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық көрінетін шешімді табу қажет болатын. Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі. Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «Шығыс» мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік Елтаңбамыз - дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз. Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Мақалада жырда батыр Қараспан тауын мекендеген қалың қыпшақ елімен қош айтысып, арқадағы Атасу мен Манащыдан, Шалқар көл мен Мұғаджар тауынан басталатын Жем (Ембі) өзенінен, содан соң Темір өзенінен өтеді. Фольклорлық туындыларда ерте кезеңдегі белгілі бір тарихи оқиғалардың негізінде туындаған шиеленіскен оқиғалар желісі, көркем образдар, бейнелі суреттер берілуімен қоса сол әдеби ауызекі тараған шығармаларды тудырған халықтың өмір тіршілігінен де мағлұмат беріледі.
Жырда бірталай жер-cу аттары кездеседі. Мысалы, Тайбурыл тұлпардың шабысын суреттейтін тұстарда Күлтөбе, Қазды көл, Қулы көл, Қызды көл, Шалқар көл, Желді көл, Құмыра көл, Қотан көл, Күдер, Барлы тау, Қарлы тау, Ала тау, Иір тау, Сүйір тау, Атасу, Манащы, Қампай-құмпай, Жем, Қалбағайлы шөл, Нұра, тағы басқа көптеген жергілікті атаулар аталады . Сондай-ақ, Қобыланды батырдың жауға шапқан сапарында небір түрлі жерлерден өткендігін көрсету үшін бірталай жер-су атауларын атаумен бірге, сан-салалы жер бедерін бейнелейтін сөз қолданыстарын пайдаланған.
«Әрбір халықтың болмысы, оның жер бетіндегі өмір – тіршілігі сөзбен таңбаланады. Халық тіліндегі осындай дәйекті де деректі атаулардың күрделі бір саласы – топонимдер, яғни, жер – судың, туған – өскен өлкенің атаулары, әр алуан географиялық объектілерге тағылған тілдік айырым белгілер болып табылады, деп жазады тілшіғалым А.Жұбанов [2, 49].
Көркем шығармаларда берілген топонимикалық мәліметтер нақты бір географиялық атаулар болғандықтан «тіл ішінде өз алдына сұрыпталған лексикалық қабат түрінде өмір сүреді». Жазу-сызу дамыған бүгінгі таңда белгілі бір аймақтар мен өлкелердің, елді мекендердің атаулары географиялық карталарда, арнайы анықтамалықтарда нақтыланып беріледі. Ал, жазу өнері дамымаған ерте кезеңдердегі жер-су атаулары халық ауыз әдебиетінің үлгілерінде көрініс тапқан. Ол туралы А.Жұбанов: «ежелгі дәуір топонимдері, сонымен бірге, халықтың этнографиялық, қоғамдық – әлеуметтік жай – күйінен, өткендегі тіршілік қалыбынан әрқилы мәлімет беретін аңыз – әңгімелерінде, жыр – дастандарында, ертегілік сюжеттерінде де бірқыдыру сақталады. Әрине, ондай деректердің бәрі тарихи шындық тұрғысынан аса дәлелді болмағанымен, белгілі бір өлкені мекен еткен жұрттың, бұқара көпшіліктің ой – арманын, кәсібі мен характерін танытатын елеулі тілдік әдебиеттік кепілдеме ретінде сөздік қорымыздың құрамынан тиісінше үлес алады»,деп өз пікірін білдіреді.
Олай болса, фольклорлық туындыларда ерте кезеңдегі белгілі бір тарихи оқиғалардың негізінде туындаған шиеленіскен оқиғалар желісі, көркем образдар, бейнелі суреттер берілумен қоса сол әдеби ауызекі тараған шығармаларды тудырған халықтың өмір тіршілігінен де мәлімет беріледі. Ауызекі туындылардағы осындай деректі ұғымдардың бір саласы – сол фольклорлық үлгіні әр тудырушысы, әрі оның кейіпкері ретінде саналатын ру-тайпа, немесе этностың өмір сүрген мекені, жер-су атаулары тәрізді деректер. Мысалы, фольклорлық туындылардың бір саласы – батырлар жыры, оның ішіндегі
Қобыланды батыр» жырындағы:
Қара қыпшақ Қобыланды, Атасы мұның Тоқтарбай. Көздікөлді жайлаған, Қалың қыпшақ жағалай. Қыс қыстауы – Қараспан, Әліп таңба қыпшақтың Атағы озған алаштан,- деген үзінді туралы А.Жұбанов: «Осы азғантай үзіндінің өзінде қаншама мәлімет жатқандығына көз жүгіртсек, бұдан, біріншіден, батырдың аты Қобыланды, әкесінің аты Тоқтарбай екенін, оның руы қыпшақ, оның ішінде – қара қыпшақ екенін, жаз жайлауы Көздікөл, қыс қыстауы – Қараспан тауы болғандығын, Қараспанның биіктігі аспанмен таласатынын, қара қыпшақтардың атағы алаштан озған қалың жұрт екенін, олардың рулық белгісі, яғни, гербі – Әліп таңбалы болып келетінін көреміз», деп жазады [2, 94].
Шағын хабарлама түріндегі бұл үзіндідегі деректерді зерттеген тілші-ғалымдар Көздікөл атауын көл деген географиялық терминнің көмегімен жасалған микротопонимге жатқызса, Қараспанды – таудың атына байланысты аталған елді мекенге жатқызады.
Мақаламыздың көлемі шағын болғандықта бір ғана «Қобыланды батыр» жырын аласақ, аталмыш жырда бірталай жер – cу аттары кездеседі. Мысалы, Тайбурыл тұлпардың шабысын суреттейтін тұстарда Күлтөбе, Қазды көл, Қулы көл, Қызды көл, Шалқар көл, Желді көл, Құмыра көл, Қотан көл, Күдер, Барлы тау, Қарлы тау, Ала тау, Иір тау, Сүйір тау, Атасу, Манащы, Қампай-құмпай, Жем, Қалбағайлы шөл, Нұра, тағы басқа көптеген жергілікті атаулар аталады. Сондай-ақ, Қобыланды батырдың жауға шапқан сапарында небір түрлі жерлерден өткендігін көрсету үшін бірталай жер-су атауларын атаумен бірге, сан-салалы жер бедерін бейнелейтін сөз қолданыстарын пайдаланған.
Жырда батыр Қараспан тауын мекендеген қалың қыпшақ елімен қош айтысып, арқадағы Атасу мен Манащыдан, Шалқар көл мен Мұғаджар тауынан басталатын Жем (Ембі) өзенінен, содан соң Темір өзенінен өтеді. Алғашында Қобыланды Қазан ханның жылқысын қуып алып, Сырлы қаланы шауып алады.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда.
Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды.
«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі. Дүниежүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді – Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.
Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік болып, барлығын біріктіреді.
Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тарихына бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздерде эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық көрінетін шешімді табу қажет болатын.
Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі.
Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «Шығыс» мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік Елтаңбамыз - дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.
Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
~Zilola~ 20.04.2012 жауап берді
Пікір
Объяснение:

вроде это...