Тұрақты тіркес — сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес. ит өлген жер — алыс тайға таңба басқандай — анық Тілді үйіреді — тәтті көз шырымын алу — ұйықтау Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты Ажал оғы атылды — мерт болды Ажары кірді — көріктенді Аузы алты қарыс — қаһарлы Азуын айға білеген — батыл Айдар тақты — әйгілі қылды Айдарынан жел еседі — рахат өмір Айды аспанға бір шығарды — аты шықты Айдың күні аманда — аман есенде аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура Айтаққа ерді — өсекке ерді Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды Айы оңынан туды — жолы болды Айызы қанды — көңілі жай тапты Ақ ауыз қыды — алдап соқты Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу Ақ жарқын — ашық көңіл Ақиық — айрықша асыл Ақ киізге көтерді — хан сайлады Ақ саусақ — еріншек Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды Ақыл қосты — кеңес берді Ақылға салды — ойланды Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды Алаауыз — бірлік жоқ Ала болды — араздасты Ала көзімен атты — жек көрді
Адам өміріндегі басты құндылық - денсаулық екені баршамызға аян. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
ит өлген жер — алыс
тайға таңба басқандай — анық
Тілді үйіреді — тәтті
көз шырымын алу — ұйықтау
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес
Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
Ажал оғы атылды — мерт болды
Ажары кірді — көріктенді
Аузы алты қарыс — қаһарлы
Азуын айға білеген — батыл
Айдар тақты — әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі — рахат өмір
Айды аспанға бір шығарды — аты шықты
Айдың күні аманда — аман есенде
аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды
Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура
Айтаққа ерді — өсекке ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды
Айы оңынан туды — жолы болды
Айызы қанды — көңілі жай тапты
Ақ ауыз қыды — алдап соқты
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу
Ақ жарқын — ашық көңіл
Ақиық — айрықша асыл
Ақ киізге көтерді — хан сайлады
Ақ саусақ — еріншек
Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды
Ақыл қосты — кеңес берді
Ақылға салды — ойланды
Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды
Алаауыз — бірлік жоқ
Ала болды — араздасты
Ала көзімен атты — жек көрді
Денсаулық - зор байлық.