В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
poroikovp
poroikovp
06.01.2023 10:18 •  Қазақ тiлi

Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

Ә) Мәтіннен есімдіктің қандай түрлері кезеседі, теріп жазыңыз.
Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Болымсыздық есімдігі

Сұрау есімдігі

Жалпылау есімдігі

Өздік есімдігі

Тапсырма. Мәтін мазмұнын ықшамдап жазу үшін қарапайым жоспар құрыңыз.

І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қортыныды

Показать ответ
Ответ:
дитма
дитма
13.03.2022 13:09

«Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,

Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!»

(«Бәйтерек» Несіпбек Айтұлы)

«Егемен Қазақстанда» бұл туындыны «қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы толымды табысы» деп бағаланған. Сол сөздің орындылығын «Бәйтерек» поэмасы жарияланғаннан бері қоғамдық ой-пікір тағы да қуаттай түсіп отыр.

Осы жылдар ішінде баспа бетін көрген шығармалардың арасында Несіпбек Айтұлы поэмасы тәуелсіздік тақырыбын нағыз ақындық шабытпен жырлаумен, кемеліне келіп, кернеуі керіп тұрған көркемдік қуатпен кестелей білуімен оқшауланады. «Бәйтерек» - кең құлашты, еркін тынысты, сан қатпарлы шығарма. Ол жайында шағын сөзде қамтып айтып тастау оңай да емес.

Бір атап өтер жай – поэманың тілі. Несіпбектің бір деммен шығып, ақындық арынмен тұтас күйінде төгіліп түсе қалғандай әсер қалдыратын тамаша туындысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалықтаған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?» деген жүрек-жарды сөздерін ойға оралтады, аяулы ана тіліміздің қадыр-қасиетін айшықты ашуымен де жаныңызды жарық нұрға бөлейді.

Ең бастысы – поэманы оқи отырып сіз Ел үшін, ер үшін мақтаныш сезіміне бөленесіз. Біздің қазақтың асыл азаматты ардақтауының басты белгісі - өмірін өрелі өлеңмен өрнектеуі. Қай заманда да тарихи тұлғалар туралы халық дастандар, жырлар шығарып отырған, олардың таңдаулары ұрпақтан ұрпаққа жетіп жатқан. Сол дәстүр бүгін де жалғасын табуда. Шынайы шабыттан туған мұндайлық ақық жырдың арқауына айналу – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп берген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтық сүйіспеншіліктің бедерлі белгілерінің бірі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kolyanbe360
Kolyanbe360
29.04.2021 04:15
Берік Ысмайлов-сән салонының директоры, 7 шілде белгілі киім дизайнері.Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры болды.Оған өнер әкесінен дарыған оның әкесі, тері илеген, киімді қысқартып, қайта пішу деген шаруаларды қиналмай атқаратын, қолының икемі бар кісі болған.Содан бастап ол бұл өнерді бала кезінен атқарғанБерік Исмайлов деп аталадыАта-анасының үмітін ақтап,өз салонын ашып,бақытты өмір сүру.- наверно 4 осылай болады
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота