Беттік керіліс — екі фазаның (дененің) бөліну бетінің термодинамикалық сипаттамасы. Өлшем бірліктері Дж/м² немесе Н/м. Беттік керілісті бөліну беті сұйықтық болған жағдайда, бет нобайының ұзындық бірлігіне әсер ететін және фазалардың берілген көлемдерінде бетті ең кіші шамаға (минимумға) дейін жиыруға ұмтылатын күш ретінде де қарастыруға болады. Конденсацияланған екі фазаның шекарасындағы Б.К., әдетте, фазааралық керіліс деп аталады. Жаңа бетті түзетін жұмыс заты молекулалары дене көлемінен беттік қабатқа ауысу кезіндегі молекулааралық ілініс күшін жеңуге жұмсалады. Беттік қабаттағы молекулааралық күштердің тең әсерлі күшінің шамасы дене көлеміндегідей нөлге тең болмайды әрі ол ілініс күштері көбірек болатын фаза ішіне қарай бағытталады. Демек, Б.к. беттік (фазааралық) қабаттағы молекулааралық күштердің теңгерілмеуінің өлшемі болады. Жылжымалы Б.к. — еркін беттік энергияға тепе-тең шама. Сыртқы әсер болмаған жағдайда сұйықтық беттік керілістің салдарынан шар пішіндес (бет мейлінше кіші және еркін беттік энергияның мәні барынша аз) болады. Егер фазалардың көлемдері молекулалардың өлшемдерімен салыстырғанда неғұрлым үлкен болса, онда Б.к. беттің шамасы мен пішініне тәуелді болмайды. Б.к. температураның жоғарылауынан, сондай-ақ беттік белсенді заттардың әсерінен азаяды. Сұйықтық пен газдың (будың) немесе сұйықтық пен сұйықтықтың жылдам жылжымалы шегіндегі беттік керілісті әр түрлі жолмен анықтау оңай. Молекулалары (атомдары) еркін орын ауыстыра алмайтындықтан, қатты дененің беттік керілісін тәжірибе арқылы анықтау қиын. Анизотропия салдарынан кристалдың әр қырындағы Б.к. әр түрлі болып келеді. Қатты дене үшін Б.к. және беттік энергия ұғымдары-ның мәні бірдей емес. Өйткені оған кристалдың әсері тиеді. Қатты дененің беттік керілісін, әдетте, молекулааралық және атомаралық өзара әсерлерді негізге ала отырып, жанама жолмен есептейді. Беттік керілістердің шамасы мен өзгерісі көптеген беттік құбылыстарға байланысты.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку өңірі болып табылады. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.