Диаграммаға салып көрсет. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік- 12-тапсырма. Төмендегі мәліметтерге сәйкес тауларды көлеміне қарай
шығыс, Тянь-Шань сөздеріндегі дефистің қойылу себебін парталасыңмен
солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жaқпapтaсты, ор-
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының
манды, көлді тау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге докаша
Алатау таулары Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа
бірге талда.
иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей.
биіктігі
4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м).
Баянауыл тауы – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау .
Абсолюттік биіктігі – 600-1000 м, ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м).
Қаратау — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орна-
ласқан тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
420 км-ге созылып жатыр, енді жері – 60 – 80 км (оңтүстік-шығы-
сындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері – Бессаз тауы (2175 м)
А берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.
Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. А уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.
Тіпті қалалардағы автобус пен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «15:05», «13:15», «20: 12» сияқты әрбір минутқа дейін есептеулі екенін байқап, таң қаламыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут озбайды.Біздерден сағат сұрағанда « Тоғыздан он бес минут кетті » десең, «Е, тоғыз жарым десейші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.
Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, дінімізде таң намазын оқу үшін ерте тұру- әр мұсылманға парыз екені белгілі. Бір күннің бес уақытқа бөлінуі де жиырма төрт сағаттық тәулікті жүйелеп ,ұтымды пайдалану үшін берілген үлкен мүмкіндік.
«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар а » деп Абай атамыз айтқандай, а ң бос уақыты – малғұн үшін таптырмайтын мүмкіндік. Бос отырған адамның ойына түрлі жамандық келеді. Оны күнәға итермелейді. Сол себепті бір мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс.«Кітап оқыған бала, егінін егумен айналысқан егінші, тігін тіккен тігінші, ас үйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды»,-деп Ахмет Яссауи бабамыз айтқандай , жұмысы көп адамның жамандық ойлауға мұршасы да келмейді.
Кей жандардың «уақытымды қалай өткізсем екен?»-деп ойлауының өзі қауіпті. Қазіргі таңда жастардың түрлі әрекеттерге баруы, қылмыс жасауы, моралдық азғындықтарға салынуы, не істерін білмей бос жүруі жиі кездесіп қалады.Әсіресе, жазғы демалыс кездерінде балаларға үлкендер тарапынан бақылау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі де мүмкін. Сол себепті де мұсылманмын деген адам уақытын босқа өлтірмеуі тиіс. Бұл да болса уақытты дұрыс ұйымдастыра алмауынан болып отыр. Адамдардың бос отырудан сақтанғаны жөн. Уақыты болса, араз адамдарды татуластыруға, мамандығына сай жұмысымен айналысса, жетім-жесірлерге қол ұшын беруге дайын тұрса, жалпы пайдалы іспен айналысуға өз уақытын жұмсағаны дұрыс.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Объяснение:
можна лайк
Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Аумағының көлемі 22 гектар. Алматы хайуанаттар бағының мекендеушілері 6 секцияға орналастырылған: жыртқыш сүт қоректілер, тұяқтылар, приматтар, құстар, экзотариум мен аквариум.
Алматы хайуанаттар бағының топтамасында 5 мыңға жуық жануарларды құрайтын 400-ден астам түрі бар. Олардың 28 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына, ал 71 түрі табиғатты қорғау Министрлігінің Қызыл кітабына енгізілген.
Экзотариумда тасбақаның бірнеше түрі бар, олар: қызыл құлақты, дала, қызыл аяқты, бабырлы, тырнақты және тағы басқалар. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жолбарысты және торлы питондар, су айдаһары, хамелеондар, ысылдағыш улы жыландар, египет улы жыланы және тағы басқалар келушілерді аса қызықтырады. Сонымен қатар, мұнда куба қолтырауынын, сиам қолтырауынын және қолтырауын кайманын да көруге болады.
Алматы хайуанаттар бағы – барлық жыртқыш құстар тұқым беретін Еуропа мен ТМД елдерінің хайуанаттар бақтарының ішінде жалғыз бақ. Құстардың сирек түрлерінің тұқымын беру бойынша ЕЕР бағдарламасымен қарастырылған үлкен күмбез тәрізді темір қораларда дала бүркіті, қозықұмайлар, құмайлар, субүркіттер мекендейді. Көлдер мен тоғандарда аққулардың, үйректердің, қаздардың тырналардың әр түрлері мекендейді. Барлық құстардың ең ірілері де бар, олар – эму мен казуар.
Хайуанаттар секциясының мақтанышы оңтүстік-африка керіктері, ала құландар, азия пілдері, мүйізтұмсықтар мен сусиырлар болып табылады. Адамды қызықтыратын бекендер (гну, ньяла, орикстер) де бар. Бұғылардың ішіндегі ең ірілері – бұқар бұғысы мен марал. Мұнда дақты бұғылар, кербұғылар, еліктер, арқарлар, сібір ешкімүйіздер, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар, жабайы ешкілер, қойлар және Пржеваль аты да бар.
Алматы хайуанаттар бағында кеңінен мысық тұқымдастар жыртқыш аңдар: арыстандар, амур және бенгал жалбарыстары, қарлы барыстар, парсы және қиыр шығыс қабыландары, қара бабырлар, ягуарлар мен сервалдар көрсетілген. Жер жүзінде мекендейтін аюлардың жеті түрінен хайуанаттар бағында екі түрі бар: ақ аю және гималай аюы.
Маймылдар тұратын темір торлардың жанында үнемі адам көп. Мұнда мартышка мен макакалар, гамадрилдер, аққолды және күміс гиббондар, шимпанзе, шығыс колобус пен қызыл лемур вари бар.
Алматы хайуанаттар бағында жыртқыш құстар, африка керіктері жыл сайын бір-бір тұқымнан береді, сонымен қатар, ала құландар, еуропа кербұғысы, түйелер, Пржеваль аты, аласа жылқы тұқымы (пони), дақты бұғылар, арқарлар, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар мен ешкілер, арыстандар, амур жолбарыстары, қабыландар, қара бабырлар, қасқырлар, шимпанзе, макакалар, аққулар, қаздар, тырналар, тоты құстар, түрлі бауырмен жорғалаушылар, аквариум балықтары мен тағы басқалар тұқым береді.
Абақта жануарлар ойдағыдай тұқым беретіні – біздің асырандыларға жақсы жағдай жасалып, олар уақытында тамақтандырылып, жақсы күтіммен қамтамасыз етілгенін негізгі көрсеткіші.
Жұмыс кестесі: күн сайын, қыстың күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, жаздың күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.
Билеттердің бағасы: үлкендерге – 500 тг, балалар (5 жастан 12 жасқа дейін) – 100 тг, 5 жасқа дейінгі балалар – тегін