В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Саби51
Саби51
03.05.2020 03:42 •  Қазақ тiлi

очень нужно сделать марфемный разбор слов : шаруашылық , мемлекетке , президент , жолдауын , ішкі , сыртқы , саясатын , басқару . ​

Показать ответ
Ответ:
svo20030227
svo20030227
16.03.2023 06:45

Қамқорлық туралы.«Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, олардың жағдайын жасап, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қамқорлық болып табылады.Жалпы, қазақ халқы бала тәрбиесінде де қамқорлыққа аса назар аударып, бүлдіршіндерді кішкене күндерінен бастап «бір – бірлеріңе қамқор болыңдар» деп айтып, құлақтарына құйып отырады. Бұл дегеніміз, тек қарт немесе науқас адамдарға ғана жылыжүректілік таныту емес, барлық адамдарға, сонымен қатар жан – жануарларға, тіпті табиғатқа да қамқор болу деген сөз. Мысалы, оқушы балалар жас ерекшеліктеріне қарай, қыстыгүні құстарға ұя салып, жем шашып қамқорлық таныта алады. Ал сәл ересек оқушылар, кіші іні – қарындастарына қарайлап, ағалық/апалық қамқорлығын таныта алады. Ал барлығымыз қосылып Жер – анамызды аяласақ, бұл нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан қолымыздан келгенше қамқорлық танытып, бойымызға ізгілік нұрын

Объяснение:

сделай мой ответ лучшим

0,0(0 оценок)
Ответ:
saksharovsasha
saksharovsasha
13.08.2020 18:19
Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота