Бүгінгі жазбам ең танымал полиглоттар жайлы болмақ. Осы ақпаратты қарап отырып Майкл Эрардтың «Полиглот феномені» деген кітабын тауып алдым. Кітаптың мазмұны туралы келеі жазбаларымнан оқи аласыздар.
Ал қазір ең танымал полиглоттар туралы айтып өтейін.
Ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал Джузеппе Каспар Меццофанти туралы көп айтылады екен. Байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.
Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде — итальян, француз, поляк, қытай, жапон. Бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.
Британ журналисті Гарольд Уильямс сексен тілді біледі. Ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған.
Вилли Мельников Афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осындан кейін оның тіл меңгеруге деген адам сенгісіз қабілеті пайда болады. 93 тілде өлең жазады.
Иштван Даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. Тіл үйренуін жалғастыра берген Иштван Даби 103 тіл біледі.