Екі күн бойы Астана қызу жыр додасын тамашалады. Бір-бірінен кем түспейтін 20 ақын аламанға түсті.
Қазылар алқасын Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет
басқарды. Құрамында белгілі ақын Жүрсін Ерман, Моңғолиядан келген зерттеуші ғалым
Шынай Рахметұлы, Түркиядан келген ғалым Әбдуақап Қара, Халық ақыны Әсия
Беркенова, Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, белгілі публицист,
«Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бар. Қазылар алқасының шешімімен, 20
ақынның ішінен оза шапқандар жүлделі орындарға ие болды. Үш бірдей ақын үшінші
орын: Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұловқа бұйырса, екінші орын
Мейірбек Сұлтанхан мен Рүстем Қайыртайұлына берілді. Финалда бір-бірінен кем
түспеген екі ақын: Мұхтар Ниязов пен Ринат Заитов та бас жүлдені қанжығасына
байлады. Жүлде қоры да қомақты: ынталандыру сыйлығын алған ақындар 500 мыңнан
жүлдеге ие болды. Көпшілік те дән риза, жүлде алған ақындар да риза.
«Айтыс – халықтың рухын көтеретін өнер» екенін үнемі айтып жүреміз. Бірақ соңғы
кездері айтыскерлер де «қуланып» алды. Үнемі айтыстарда қайталанып келе жатқан «бір
тіркестер» бар. Оны ақынның өзі де біледі, көрерменнің өзі де сезеді. Бұл – бір. Екіншіден,
ақпаратты толық зерттемейді. Әлеуметтік желіде «хит» болған тақырыпқа әуес. Трендтегі
дүниені қозғасақ, көп «ұпай» жинаймыз деп ойлайды. Үшіншіден, көрерменге не
ұнайтынын білетін кей «актер» ақындар бар. Әлеуметтің әлсіз тұсын тиімді меңгерген.
Сол арқылы өзіне «бедел» жинайды. Ақынның бұл «ойыны» өзіне ұтыс әкелгенімен,
абырой әпермейтінін ескерсе дейміз.
1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.
a) мақала
b) пікір
c) әңгіме
d) эссе
[1]
2. Мәтін қандай стильде жазылған?
a) Көркем әдеби стильде
b) Ғылыми-публицистикалық
c) Күнделікті ауызекі
d) Публицистикалық
[1]
3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.
a) Оқиға, оқиғаны баяндау
b) Факті, автордың субъективті көзқарасы
c) Тек қана субъективті көзқарас
d) Автордың ішкі сезімін баяндауы
1)Мақала;
2)Публицистикалық
3)Факті,автордың субъективті көзқарасы