Ерте ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде бір ауылда бақытты бір отбасы өмір сүріпті.Күнде кешке үйде балауыз шам жағылып,отбасы бір столдың басына жиналып,тамақтанып,әңгіме дүкен құрады екен.Балауыз шам бөлмеге нұрын шашып,мейірімін төгіп,қуаныш сыйлап тұратын көрінеді.Күн соңынан күн өтіп,ай соңынан ай өтіп,жыл соңынан жыл өте беріпті.Бақытты отбасының ата-аналары қартайып,балдары ержетіпті.Ауылда жаңа өмір басталып,қараңқы басқан көшелерге электр бағаналары орнатылып,біздің бақытты отбасымыздың үйінеде электр шамдары орнатылыпты.Электр әлемімен бірге әр үйге ғаламтор әлеміде қонаққа келіп,үйдің бір иесі атанып жатып алған көрінеді.Үй иелері балауыз шамды қолдануды қойып,жәшіктің бір сөресіне салып тастапты.Сол жерде бақытты күндерін аңсап,балауыз шам жалғыздықтан ауырып жатып қалыпты.Баяғыдай бір дастарханда отырып,шүйіркелесіп отыратын отбасы жоқ.Әркім өз бөлмесінде телефонмен,біреуі комьпютермен жұмыс істеп бөлек отыра беретін көрінеді.Бір күні қатты дауыл болып,ауылда жарық сөніп мүлде қараңқылық орнайды.Үй қап-қараңқы,телефон иә компьютер жоқ үйдегілер абыржып отырғанда кәрі анасы баяғы балауыз шамды тауып әкеліп жағады.Балауыз шам ауруынан жазылып,нұрланып,айналасына қуаныш сыйлап,жарқырап жаныпты.Ата-аналары,ересек балалары бәрі бір дастархан басына жиналып өткен бақытты күндерін еске алыпты.Балауыз шам сол күндердің бақытын қайта алып келгендей бәрі бақытты күн кешіпті.Екі-үш күннен кейін электр әлемі жөнделіп қайта келіпті.Бақытты отбасы өздерінің балауыз шамын ұмытпауға сөз беріп,жақын жерге қойғанға көрінеді.Балауыз шамға құрмет ретінде туған күнде,мерекелерде оны жағып,бір дастархан басына жиналып,қуанышты күндерін бәрі бірге өткізетін көрінеді.Қай жағдайдада өз отбасыңмен бірге бақытты өмір сүргенге не жетеді?!Жақын адамдарымызбен жақындықта болайық.