Электронды кітапхананың өзінің айдарлары бар: «Жаңа кітаптар», «Қазақ әдебиеті», «Шетел әдебиеті»
«Өлеңдер мен тақпақтар жинағы» және т.б. Айдарларды
ашып, қажет кітабыңды іздеп, тапсырыс жасай аласың.
Сабақ кезінде кітап оқуға уақыт табыла бермейді,
Сондықтан амалсыздан көркем шығарманы аз оқисың.
Күзгі демалыста электронды кітапханадан бірнеше кітап
оқыдым. Солардың ішінде ерекше ұнағаны Жюль
Верннің «Әлемді сексен күн ішінде шарлау» романы.
Алдымен, осы ғажайып кітаптың авторы туралы қысқаша
мәлімет бере кетейін.
Жюль Верн — француз жазушысы, ғылыми-
фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант
қаласында 1828 жылы 8 ақпанда туған. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география
тарихы туралы зерттеулер жазған адам. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867).
«Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878) және т.б. шығармалары әлемге танылды.
Оның шығармалары әлем халықтарының тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылған,
фильмдер түсірілген.
1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3-жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2-жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала-сың, келді-ң, келген-сің, 3-ж. ол бала-, келді-, келген-,) III жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтык мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі — кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ.