Есепті әртүрлі тәсілмен шығар. 1
Біздің сыныптағы көптеген ұлдар ғарыштық техникаға қы-
зығады. Олар осындай ойыншықтармен ойнағанды ұнатады.
Арман мынадай есеп құрастырды: «Ойыншық шығаратын
фабрикада конструктордан зымыран құрастыру үшін 45 000
көк түсті және 105 000 жасыл түсті бөлшек әзірленді. Барлық
өнімдер әр қорапқа 1 500 бөлшектен бөлініп салынды. Барлы-
ғын салу үшін қанша қорап қажет болды?»
Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.
1) Менің әпкем мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылы дүниеге келген.
2) Мен бүгін математикадан бес алдым.
3) Бұл мектеп мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы құрылған.
4) Олар мың тоғыз жүз тоқсан төртінші - екі мың төртінші жыл аралығында Алматыда тұрды.
5) Бұл кітап жеті жүз сексен бес теңге тұрады.
6) Менің ағам он үш жас жасынан бастап бокспен айналысқан.
7) Екі мың бесінші жылы Ливерпуль Чемпиондар Лигасын ұтып алды.
8) Отыз екінші нөмірде ойнап жүрген футболшы кім екен?
9) Біздің мектепте алты жүз отыз бала оқиды.