В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Xcalibur
Xcalibur
30.05.2023 06:11 •  Қазақ тiлi

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойталқыдағы екі пікірдің біреуіне таңдау жасап,өз ойларыңды дәлелдеп,аргументті эссе жазыңдар. Сөз саны 80-100.​

Показать ответ
Ответ:
Аанимешка
Аанимешка
10.07.2021 03:16

Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.

Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің ке­ремет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еу­ропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсі­ресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.

Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам фи­ло­софиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып кел­ді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы ру­хани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.

Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трак­таттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб ті­лі­нен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бү­кіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шы­ға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ой­лауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәр­биеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ре­нессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еу­ропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бас­тау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Ба­тыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Ба­тыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.

Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары дең­гей­де болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иж­ди­хад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мә­селелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ninachka1977
ninachka1977
18.06.2022 08:16
«Жас Өркен» өмірімен тығыз байланысты көшбасшылар білетіндей, маусым айында «Жас Өркен» қосымша білім беру орталығы 5-күндік лагерь ұйымдастырған болатын. Осы 5 күн ішінде облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас көшбасшылар көп жылдарғы достардай, бір шаңырақтың астында жұмылып, жыл бойы білген жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Өз басыма бұл лагерь қатар жүрген достарымды жаңа қырларынан тануға үлкен мүмкіндік берді. Әлі күнге дейін лагерь фотосуреттерін қарап, сол керемет күндерді сағына еске аламын. Бірақ, уақыт зымырай шығып, лагерьмен де қоштасуға тура келді. Әйтсе де, сол қызықты демалысымы сағынышпен аңсаймын.. .
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота