Эссе ЖАЗЫЛЫМ
Төмендегі екі такырыптың бірін таңдап, төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін қолданып, жазба
жұмысын орындаңдар (50-60 сөз көлемінде)
1. Сіз отбасынызбен саяхатқа мыктыныз. Саяхатымызды сипаттап, суреттегі жазыңыз.
2. Табиғат құбылысы сатуындаауа-райы туралы қандай жорамалдарды білесің?
[
Әже туралы диалог
- Еркебұлан, қайда асығып барасың? Бірдеңе болып қалды ма?
- Әжеме көмектесуім керек еді, дүкенге бармақшы едік, соған асығып барамын.
- Мені сыртта ағам көлікпен тосып тұр, асығыс болсаң, сені жолай жеткізіп салайық?
- Тамаша болушы еді, көп рахмет, Марғұлан!
- Оқасы жоқ. Бізде үнемі атамыз бен әжемізге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Жүр, онда тезірек есік алдына шығайық.
- Ия, дұрыс айтасың. Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар ғой.
- Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті.
- Ия, менің де бұл жайлы естуім бар. Жақсы дәстүр деп есептеймін. Себебі, үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп.
- Ия, толықтай келісемін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Өз басым ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын.
- Әңгімелесіп отырып, қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. Үлкен рахмет!
- Жақсы, оқасы жоқ.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.