Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтык
бағалау
2-тапсырма
мазмұн бойынша платын жоспар құрыңыз. жоспарға сай мәтінді жұбыңыга мазмұндана. мазмұндау
кезінде карамен берілген сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.
кіріспе бөлім
негізгі бөлім
корытынды бөлім
1958 жылы Қазақ телевидениесі сол кездегі Қазақ кеңестік социалистік республикасының бас қаласы – Алматы шаһарынан алғаш хабар тарата бастады. Ал аталған жылдың 15 наурызында өскемендік телеорталық тұңғыш бағдарламасын шығарды. Яғни, Өскемен телестудиясы – еліміздегі тұңғыш аймақтық арна. Осы сәттен еліміздегі телевизиялық хабар тарату тарихы бастау алады. Сол себепті 60 жыл – тек біздің өңіріміз үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл отандық журналистика саласы үшін де айтулы асу, биік бір белес.
Алпыс жылдық тарихы ішінде арна жан-жақты дамып, заман ағысынан қалмады, қазіргі кезде уақыт талабына сай өнім шығаруда. Соңғы жылдары «Қазақстан-Өскемен» аталып келген телеарна 2017 жылғы ребрендингтен соң, «ALTAI» атауына ие болды.
Мұнымен қоса, мерейтой аясында облыстық телестудиясының жаңадан құрылған мұржайы да таныстырылды. Мұнда телеарнаның қалыптасу тарихынан сыр шертетін құнды әрі бірегей жәдігерлер жиналған. Мұражайға келушілер операторлар осыдан елу жыл бұрын қолданған алғашқы бейнекамераларды, алғашқы студия қызметкерлері бейнеленген сирек фотосуреттерді көре алады.
Мерекенің салтанатты бөлігі барысында журналистиканың дамуына үлкен үлес қосқан телеарна ардагерлері мен қызметкерлері облыс әкімі Даниал Ахметовтің грамоталарымен, Ақпарат және коммуникация министрлігінің, «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Қазақ телевидениесіне – 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
– 60 жыл – бұл тек біздің өңіріміз үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл отандық журналистика үшін де маңызды дата. 2018 жыл бүкіл қазақстандық телевидение үшін мерейтойлы жыл болып отыр. Өскеменде сонау 1958 жылы облыстық телестудия ең алғашқы болып пайда болды және әрдайым мазмұн сапасымен, бағдарламаларының саналуандығымен, қызметкерлерінің жоғары шығармашылық деңгейімен тек үздіктер қатарынан табылып отырды. 1959 жылдан-ақ кино өндірісі жолға қойылды, ал 60-шы жылдардың басында режиссер Павел Бортниктің, операторлар Анатолий Лаптев пен Владимир Москалюктің алғашқы фильмдері жарық көрді. Айталық, «На медведя» фильмі Монте-Карло қаласында өткен халықаралық фестивальда бас жүлдені жеңіп алды.
Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.
С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.
Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.
Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан бір топ азаматтарды марапаттады.
Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі.
Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.