Финалдық бәсекеге 23 елдің спортшылары каты: Оңтүстік Корея, Германия, Венгрия құрамалары ең
Бессайысшылар семсерлесу, суда жүзу, жүгіру,
өнер көрсету, лазерлі тапаншамен атудан жарысты. От
кубогінің финалдық кезеңін «Қазспорт » арнасы Тікель,
үздіктер қатарынан көрінді.
көрсетті. Жанкүйерлер тегін кірді.
• Күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жаз.
6-тапсырма. Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді тауып, жасалу
жолдарын түсіндір.
Балалар, киім кию мәдениетіндегі қандай мезгілдік өзгеріс-
терді білесіңдер?
Сәндік өзгерістер, әрине, ұзақ сақталмайды, өйткені адам ба-
ласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге ұмтылады.
Сөн стилінің алмасу процесі жүріп жатыр. Сөз жоқ, үш-
төрт жылдан кейін ол өз шыңына шығады және сол шыңда бес
жылдай үстемдігін ұстайды. Одан кейін бір сәннің орнына ке-
лесі сән алмасып келіп отырады. Сәнді киім стилінің алмасу
процесі он жыл уақытқа созылады. Бұл циклдер әр ғасырда күн-
тізбелік онжылдықтармен сәйкес келеді, сондықтан « «20-жыл-
дардың сәні», «50-жылдардың сәні» т.б. деп айтады.
Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы актерлер,
музыканттар, танымал сәнқұмарлар.
Тәуелсіз Қазақстанның сән өнерін бағындырған дизайнерлер
Құралай Нұрқаділова, Аида Кауменова, Оксана Корби, Балнұр
Асанова және т.б.
(Сән колледжіне арналған оқулықтан)
Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер,
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн; ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б. Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні),білезік (білек+жүзік).
Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемнің мағыналары қуаныш, сүйсіну, көксеу, аяу, өкіну, шаттану, қорқу, зерігу, жирену, мысқылдау, таңдау, ризалық білдіру тағы сол сияқты мақсатта айтылады да, ай-тылу әуені, интонациясы өте асқақ көтеріңкі болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: О да бір қызық дәуір екен-ау! Шіркін, қайта айналып келер ме еді! Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау!
Лепті сөйлемнің мақсатына сай айтылған кез келген хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер лепті сөйлемге айналып кете алады.