Әңгіменің, қайғылы аяқталуына кім кінәлі деп ойлайсындар? Жауап- тарынды дәлелдендер.
Шығарма мазмұны бойынша пікірлеріңді «Попс формуласы» ар-
қылы білдіріңдер.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын...»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды ше-
шімге келдім...»
Шығармадан қандай ой түйдіңдер? Жазушы адам мен табиғат ара-
сындағы байланыс пен қайшылықты қалай көрсеткен?
Табиғат тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? PowerPoint
программасын қолданып, табиғатты қорғау жобасын ұсыныңдар. Коксерек шыгармасы
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Жаз жайлау
Бақыткерей Ысқақ
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.