Где слова бидай и канбак
Өзі қаңбақ болсын,
Онда қайдан салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.
Бидайға қаңбақ тым қатты,
Дауыспен былай тіл қатты:
— Сен осы бидайсың ба?
— Бидаймын.
— Ақыл айтсам тыңдайсың ба?
— Тыңдаймын.
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың?!
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктемде шығып,
Бастарың салбырап,
Күз болса бұғып,
Тұрғандарың маужырап...
Мен болсам міне,
Күні мен түні
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім...
— Ей, қаңбақ! — деді бидай,
Қанасына симай:
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құлағың жоқ,
"Уф " десе қонасың,
"Суф " десе қонасың,
"Уф " десе ұшасың,
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың ?
Біз болсақ міне,
Күні мен түні
Жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән...
Абырой да, бақ та,
Атақ та, даңқ та
Ерлік те, жеңіс те —
Барлығы осы егісте...
Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты...
Дұрысын айтқан:
Бидай ма, қаңбақ па, —
Оны өздерің салмақта.
күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
ответ:Школьные Знания.com
Какой у тебя вопрос?
Тірек сызбалармен оқыту оқу материалдарын түсінікті меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Тірек сызбалар көбінесе бекіту, қайталау сабақтарында қолданылады. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
Жалпы айтқанда, тірек сызбамен оқыту - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Дидактиканың, тәрбие теориясының, психологияның, таным теориясының – барлығының түйіскен нүктесінде қарастырылатын мәселе.
Объяснение: