Міне,күні бүгінге дейін қазақ халқы осынау кең-байтақ қазақ жерінде егеменді өмір сүріп келеді.Әрі халқымыз сол баяғы қонақжайлылығын жоғалтпады десем,артық айтқаным емес.Сол секілді тәрбиенің рөлі де қазақ отбасында еш маңызын жоғалтпаған.Рас,батыс елдеріне еліктеп тәрбиеге қолын бір сілтеген отбасылар да бар.Бірақ,көпке топырақ шашпайық...
Қазақ халқы үшін тәрбиелі адам қандай?Менің ойымша,тәрбиелі адамның бойынан адамгершілік,мейірімділік,қарапайымдылық,сыпайылық,ибалылық,еңбекқорлық деген қасиеттер табылуы керек.Осы аталған қасиеттердің ішінен мейірімділік пен сыпайылыққа тоқталып өткім келеді.
Мейірімділік – адам ниетінің пәктігі,жанашырлық,қамқорлық,жүрегінің кеңдігі."Мырза болмасаң да, мейірімді бол" деп дана халқымыз бекер айтпаған.Мейірімді адам тек жақсы ойлайды, өзгелерге жақсылық тілеп,қол ұшын созады.Бұл жерде мейірімділік тек адамдар арасында болмауы керек.Өмірге мейірімді көзбен қарау керек, тіршілікке мейірімділік көрсету керек.Әрине,мынау сұм заманда мейірімділікті адамдар елемейді,қадірлемейді.Бірақ адам өзі үшін мейірімді болуы керек деп білемін.
Ал сыпайылық ше?Сыпайылық та асыл қасиеттердің бірі.Қазақ отбасы әр дайым ұлын да,қызын да сыпайы болуға баулыған."Үлкенге құрмет,кішіге ізет" көрсет деп тоқыған.Сыпайылықтан сен ұтылмайсың.Керісінше,өзге адамдарды өзіңе баурайсың.Әсіресе,қазақ қыздарының бойынан сыпайылықты күткен.Егер "Сіздің қызыңыз тәрбиелі,сыпайы" екен десе,үлкен мақтаныш деп білемін.
Бұл екі қасиет әр адамның бойынан табылса деймін.Сонда өмір әлдеқайда бақытты көрінер еді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды
Шығарма
Мейірімділік пен сыпайылық.