Күні: 28.12.2020ж. Аты-жөні:
1-тапсырма. Мәтінді оқып, келесі тапсырмаларды орында. (Прочитайте текст и
выполните следующие задания.)
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен
және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша
репертуарымен тані қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашкы маусымын М.Төлебаевтын ұлы
туындысы «Біржан-Сара» операсыктен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалык
поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының
әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі.
Сәулеті бойынша ол Міландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен
театр, Нью-Йорктегі Метрополітен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан -
орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера». – алыптыгы мен
техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250
орынға есептелген.
1-2. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. (Найдите в тексте
антонимы, синонимы данных слов.)
Елорда (синоним)
[1]
Оң жағалау (антоним)
3. Берілген ақпараттардың дұрысын анықта. (Определите правильность предоставленной
информашин.)
No
Мәтіндегі ақпарат
Дұрыс Кате
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы
Астана қаласында орналаспаған.
2 «Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті
театрларының бірі,
(-
Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
очень нужно дам
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.