Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Өйткені, көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық және қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі де қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.
1. Мәтінге тақырып қой.
2. Септіктің 7 түріне мысал жазып, талда.
3. Көптік жалғауға мысалдар жаз.
4. Тәуелдік жалғауға мысал жаз.
5. Шылауларды теріп жазып, жікте.
6. Мәтінде қойылған тыныс белгілерге тоқтал. Қойылу себебін жаз.
Объяснение:
калганаын білмейм