Әке мен бала Бір а ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көреді. Ол баласына:— Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді.— Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:— Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, - деді. 1.Мәтіндегі негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды ажыратыңыз.
Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты өз алдына ел болу, төгілген қанның өтеуі бейбіт тіршілік, азат ел, мамыражай тіршілік дегенге саяды. Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманда тəуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.
Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім ба толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...
Көркем әдебиет стилі' - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді.