Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Қазақ исін сезбегеннің қазақтығы қайсы?! 23-Қараша, 2012 Қайшы пікір 730 рет оқылды Түс көргендей аяқастынан қазақтың қандығара сөзінен шошына қалатындарға таңмын. Қанат Төребаев та сондай бір оқыс ойға кеткен екен. Қазақ сөзін орыс тілі арқылы түсіндірмек болып шатасқан … »
«Иісі қазақ» – «қазақпын» деген сөз 1-Қараша, 2012 Қайшы пікір 531 рет оқылды «Ана тілі» газетінің осы жылдың 17 қазанындағы №41 (1142) санында оқырман Қанат Төребаев «иісі қазақтың» деген сөзді жатсынған ойын білдіріпті. Түптеп келгенде, бұл тіркестің жатырқайтындай, үрке … »
Ой толғауда сөз талғау 23-Тамыз, 2012 Қайшы пікір 2,182 рет оқылды Абдрахман Асылбеков – сөз білетін ақын, бірқатар елге таралған ән мәтіндерінің авторы, сөз қолданысына қатысты ара-тұра пікірін де білдіріп жүреді. Демек, сөзге бейжай қарамайды, ой толғауда … »
Болғанды болмады дегеннен не ұтамыз? 19-Шілде, 2012 Қайшы пікір 602 рет оқылды «Ана тілі» газетінің №17 (1118) (26 сәуір – 2 мамыр) санында шығысқазақстандық Мейрам Оралов деген азаматтың «Ақиқаттан аттау – адасқандық. Болмағанды болды деуден не ұтамыз?!» атты … »
Шығарма
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
23-Қараша, 2012 Қайшы пікір 730 рет оқылды
Түс көргендей аяқастынан қазақтың қандығара сөзінен шошына қалатындарға таңмын. Қанат Төребаев та сондай бір оқыс ойға кеткен екен. Қазақ сөзін орыс тілі арқылы түсіндірмек болып шатасқан … »
«Иісі қазақ» – «қазақпын» деген сөз
1-Қараша, 2012 Қайшы пікір 531 рет оқылды
«Ана тілі» газетінің осы жылдың 17 қазанындағы №41 (1142) санында оқырман Қанат Төребаев «иісі қазақтың» деген сөзді жатсынған ойын білдіріпті. Түптеп келгенде, бұл тіркестің жатырқайтындай, үрке … »
Ой толғауда сөз талғау
23-Тамыз, 2012 Қайшы пікір 2,182 рет оқылды
Абдрахман Асылбеков – сөз білетін ақын, бірқатар елге таралған ән мәтіндерінің авторы, сөз қолданысына қатысты ара-тұра пікірін де білдіріп жүреді. Демек, сөзге бейжай қарамайды, ой толғауда … »
Болғанды болмады дегеннен не ұтамыз?
19-Шілде, 2012 Қайшы пікір 602 рет оқылды
«Ана тілі» газетінің №17 (1118) (26 сәуір – 2 мамыр) санында шығысқазақстандық Мейрам Оралов деген азаматтың «Ақиқаттан аттау – адасқандық. Болмағанды болды деуден не ұтамыз?!» атты … »