Адамгершілік дегеніміз - дуниедегі ең асыл қасиет. Адам жанының рухани тазалығы оның жасаған игі істеріне байланысты. Мысалы, бауырмалдық, жанашырлық, сыпайылық, адалдық - бәрі де адамгершіліктің ұшқыны. "Өтірік айта салсам не болады?", "Кешігіп барсам еш нәрсе етпес" деген сияқты ойлар бізді бұзады. Ұяты мен жүрек жылуын жоғалтпаған адам адамгершілікті жогары устайды Адамгершілік - человечность. Основная мысль заключается в том что надо быть человечным, в том числе честным, вежливым, простительным и тд. Поскольку это часть человечности.
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.