В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
J22UKR
J22UKR
17.12.2021 02:06 •  Қазақ тiлi

Колбасы туралы малымет дайындау

Показать ответ
Ответ:
alexandra189
alexandra189
30.11.2021 07:40

Қолбасшы - мемлекеттің қарулы күштерін, соғыс жағдайында ірі әскери құрылымдарды (оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) басқаратын әскери басшы. Қолбасшылар соғыс кезінде әскери операцияларды дайындайды және оның нәтижесіне жауапты болады, бейбіт уақытта қарамағындағыларды әскери шеберлікке үйретеді, әскери жаттығуларды басқарады. Әдетте, қолбасшы етіп дарынды, көреген, әскери жағдайлардың дамуын болжай алатын, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана білетін, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар жігерлі, батыл адамдар тағайындалады. Әрбір тарихи кезеңдердегі үлкен соғыстар өз қолбасшыларын шығарды. Қазақ халқында да аты аңызға айналған көптеген қолбасшылар болды (қолбасшы Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Амангелді, Бауыржан, т.б.).[1]

Қолбасшы (орыс. Командующий) — құрлық және әуе күштері армиясын, әскери-теңіз флоты әскері түрлерін, әскери округтерді, майданды басқаратын генерадцар мен адмиралдар және маршалдар. Қолбасшылар соғыс кезінде соғыс операцияларын дайындайды және оның іс жүзіндегі нәтижесіне жауапты болады. Бейбіт кезде олар өздерінің карамағындағы құрамаларға, бөлімдерге басшылық етеді, оларды әскери шеберлікке үйретеді, соғыстың талаптарына сай далалық және теңіздік әскери жаттығуларды басқарады.

Қолбасшы (орыс. Полководец) — мемлекеттің қарулы күштерін немесе соғыс кезінде ірі әскери құрылымдарды (әдетге оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) шебер басқаратын, әскери қимылдар дайындығы мен жүргізу өнерін меңгерген әскери кызметкер, әскери бастық. Әдетте, Қолбасшыға жеңіске жетуде қолда бар күштер мен құралдарды өте тиімді пайдалана білетін, дарынды, шығармашылық ойлы, әскери жағдайлардың дамуын болжауга қабілетті, жігерлі, шешімді, жауынгерлік тәжірибеге бай, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке және басқа да касиеттерге ие тұлғалар жатқызылады.

Қолбасшының осы қасиеттері оның жоғарғы беделге ие болуына септігін тигізеді, оның қалыптасқан жағдайларды өз уақытында және дұрыс болжауына, бағалауына, мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдап және оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарихи кезең, ірі соғыс әз Қолбасшыларын алға шығарады. Олардың барлығы әз уақытында соғыстарда жеңіске кол жеткізуде үлкен рөл атқарып, әскери өнерді байытты. [2]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота