В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
liza2002623
liza2002623
12.08.2022 02:55 •  Қазақ тiлi

КТО ЗДЕЛАЕТ ТОТ МОЛОДЕЦ ответ на казахском


КТО ЗДЕЛАЕТ ТОТ МОЛОДЕЦ ответ на казахском

Показать ответ
Ответ:
zhekabigboss
zhekabigboss
24.07.2022 23:40

ответ:д. и. менделлеев ғылымның әр түрлі салалары бойынша: ,, метеорологиядан , ауыл шаруашылығынан педагогикадан 400 – ден аса еңбек жазды. ол « негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. бұл оқулық нағыз энциклопедиясы еді. менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. « негіздерімен» айналыса жүріп, ол қ элементтердің атақты периодты системасын да жасады. д. и. менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастап ең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 қ элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін қ элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды. өзінің системасына сүйене отырып, менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. сондай-ақ ол ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды. көптеген елдердің ғылым і қ элементтерді жіктеудің әр түрлі тәсілдерін ұсынды. бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады. бұл міндетті орыс ғалымы д.и. менделеев ашты. қ элементті жіктеуде д.и. менделеев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. бірақ олар топтастырылып қана қоймай , оларды бір жүйеге келтіру үшін бүкіл элементтерді өзара байланыстырылатын заңдылық іздеді. бұрынырақта әрбір туыстас элементтер басқа топтармен байланыстырылмай жеке дара қаралды. ал д. и. менделеев ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
lolisgd
lolisgd
14.04.2023 09:05

Кітапхана-ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан,шырағы биік парасыттылық пен білімділіктің,байлық пен біліктіліктің киелі ордасы десек,бүгінгі кітапхананы дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағы мен тәрбиенің қазығы дейміз. Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін бірақ, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алу үшін жан-тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылырдың еңбектері ұшан-теңіз. Қазіргі таңда оқырманның өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі,күн сайын жаналыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет-журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп алып жатқан оқырмандар легі.Осылай біздің жұмыс күніміз жалғасып жатады. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа толы құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен оқырманның бірлескен іс-әрекеті жалғасады. Кітапхананың алдында өз оқырмандарына кітаппен,ақпаратпен жұмыс жасауға көмектесу, оқу мәдениеттілігіне тәрбиелеу міндеті тұр.Біздің ғылыми кітапхана студенттер мен оқытушылар үшін білім-ақпарат орталығы болып саналады.Электронды кітапхана бөлімі қазіргі заман талабына сай жаңа компьютерлермен және көшірме техникалармен жабдықталған. Әрбір оқырманға тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасалған. Кітапханамыз жыл сайын жаңа буын оқулықтармен, электронды оқулықтармен,көркем,ғылыми анықтамалық әдебиеттермен қамтылады.Әр түрлі іс-шаралар жастардың рухани жан дүниесін,ой-өрісін байытуға,жоғары эстетикалық талғамын,қоғамдық санасын қалыптастыруға септеседі,оларды қоғамның салауатты азаматы етіп тәрбиелеуде, адамгершілікке,елі мен жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеуде манызы зор. Көпшілік іс-шаралар бір сарында емес, үнемі формалары өзгертіліп, толықтырылып отырады. Олардың тақырыптары еліміздегі болып жатқан түрлі тарихи, саяси оқиғаларға және жастарды толғататын мәселелерге байланысты тандалады.Кітапханада өткізілген әрбір мәдени шараның мазмұндылығына, тәрбиелік мәніне назар аударып,әдеби кештер,оқырмандар конференциясы,пікір алмасулар жүргізіледі. Кітапхана-дүниеде ештене теңестірілмейтін білім бұлағының көзі.Кітапханашы-кітапхананың қожасы, оқырманның ең жақын досы. Кітапханада қызмет атқаратын қызметкерлерден кәсіби біліктілікпен қоса жоғары этика талап етіледі. Сол сияқты, кітапханаға келетің оқырмандар әдептілік нормасынан алыс кетпеуі керек.Оқырмандар кітапхана шаңырағына келген сәтте өздерінің қандай жерге келгеніне баса назар аударуы қажет. Мысалы,кейбір оқырмандар кірген сәттен бастап қатты даурығып сөйлесіп,оқырмандардың шырқын бұзады.Көпшілігі ұялы телефондарын өшірмей келіп,оларға хабарласқан сәтте қатты сөйлесіп жауап беріп жатады.Жалпы қандай да бір әдеп,этика дегеніміз адамдардың бірімен-бірінің амандасуынан,сөйлеу мәдениетінен басталады.Жақсы кітапханашы ол ойлампаз,парасатты,байқағыш,оқырманның мінез-құлқын білетін адам болып саналады.Кітапханашы мен оқырманның арасында негізгі рөлді кітапханашының педагокикалық этикасы атқарады.Кітапханашыға көп әңгімелесуге және кітапханада өтетін көпшілік жұмыстарды түсіндіруге тура келеді.Сондықтан бұл жерде кітапханашының сөз сөйлеу мәдениеті,мәнерлі сөйлеуі талап етіледі.Сонымен қатар,оның сыртқы түр-тұлғасы,өзін-өзі ұстауы,әдептілігі,кітапты алып беруде қалай жұмыс істеуі негізгі рөлді атқарады.Кітапханашы еңбегінің ерекшелігі екі жақты іс-әрекетке бағытталған. Оның бір-оқырманды тәрбиелей отырып,оған қызмет етуге,ал екінші жағы өз оқығанына есеп бере отырып,оны оқырманға жеткізу болып табылады.Сонда ғана кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі,сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сикырлы да киелі орда.Айта берсек, кітапханада атқарылып жатқан еңбек аз емес.Мұның барлығы болашақ жастардың игілігі үшін екенін барлығымыз жақсы білеміз. Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін,ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-кітапханашылар десек қателеспеспіз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота