Үлгі: Жазғы демалыста ауылға барасың ба?
Жазғы демалыста ауылға барамын. Жазда бос уақыт көп болады. Ауылдың қасында көл бар. Көлден балық аулаймын. Қостұра тауына шығамын. Таудың суретін саламын.
Кейін саяжайға барамын. Саяжайда көшеттер бар. Көшетке күтім керек. Саяжайда алма жинаймын. Тамызда «Думанға» барамын.
Әлібектің достары жазғы демалысты жоспарлады. Саша тарихи қалаларды аралайды. Әнел саяжайға барады. Анна лагерьде демалады, өзенге шомылады. Әлібек ата-анасымен бірге сапарға шығады. Айару «Думан» ойын-сауық орталығына барады
Мектеп кітапханасы
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.