Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
1-тапсырма Сөйлемдердің қазақша нұсқасын мәтіннен тауып, жазу .
➢ Отырар один из славных городов на Великом Шелковом пути. ( ) ➢ Потому что в этом месте можно было продать и купить любую вещь. ( ) 2-тапсырма Сұрақтарға жауап беру
❖ Ұлы Жібек жолының қай мемлекетте өткен жолы Сауран қаласы болды? ( ) ❖ Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы қай қала болды? ( )
3-Тапсырма Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі туралы мәтін жазыңыз (написать текст об одном из древних городов Казахстана) ( )
Дескриптор: мәтін мазмұны тақырыпқа сай 1 мәтінде нақты фактілерді қолдану 1 тыныс белгісін дұрыс қояды; 1
мәтінде есімдік,сан есімдерді қолданады 1
орфографиялық нормаға сай жазады. 1
Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті. «Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...» Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді. Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
Наше время это независимость, наша цель - мир и благоденствие. в нашем мире есть одна страна это казахстан. к середине 80-х годов в советском обществе стала настоятельно необходимость перемен. ярким примером старого и нового мышления стало выступление старой молодежи. во все времена и у всех народов емким и концентрированным олицетворением государственности и независимости выступали государственные символы. у нас есть величественные, идейно богатые герб, флаг и гимн. в этом мире у нас есть только одна отчизна - это независимый казахстан! пойдет?
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
1. Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.