Мәңгілік тарқамайтын той Ақынның бұл тойдан не күтетіндігін тап.
Кім білсін, талай күнгі арманым ед, Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін
Мен өзім де ән салам түн ауғанша. Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып. Қазанымда бір асым ет қалмауын.
Отбасындағы сыйластық.
Дәстүрлі қазақ қоғамында сыйластықтың маңызы зор.
Сыйластық дегеніміз – басқа адамдарға құметпен қарау, түсінушілік таныту. Бұл орайда есіме «Сыйласқанның құлы бол» мақалы түседі. Қазақ халқы тіпті танымайтын адамды үйіне қонақ қылып, төрге шығарып, сыйлаған. Жалпы адамдар арасында түрлі қарым – қатынаста сыйластық орнайды: достар арасында, туысқандар арасында, құрмет қылуға лайықты адамдар арасында. Қазақ қоғамындағы сыйластықтың бір мысалы ретінде жеңге мен өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдерінің қарым – қатынасын келтіруге болады. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.
Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.
Ана-дүниедегі ең ыстық және ұлы сөз.Ана бізді дүниеге алып келгенімен қоймай,біз үшін түн ұйқысын төрт бөледі.Тек ол ғана емес біз үшін астан бас тартады және өз өмірін қауіпке тігеді.Біз үшін өле-өлгенше шыр-пыр болады.Бір мақал бар емес пе «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» осы мақалдың өзі ананың біз үшін өте ұлы екенін білдіріп тұрғандай.Сол үшін анамызды алақанға салып аялайық.анамыздан барымызды аямайық.Анамыз тек бізге ана ғана емес,сырлас досымыз да бола алады.Анаңды әрдайым құрметте