Бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамгершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық еркіндік сияқты материалдық игіліктер тұлғаның әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады. Сондай-ақ бостандық, адамның қадір-қасиеті, теңдік және ынтымақтастық, демократия және заңның үстемдігі – қоғамның маңызды құндылықтары.
Адамдардың құндылықтары мен сенімдерін, тұрақтылығы мен уақыт өткен сайынғы өзгерістерін және олардың әлемнің түрлі елдеріндегі қоғамның әлеуметтік және саяси дамуына ықпалын зерттейтін «Әлемдік құндылықтарға шолу» (World Values Survey) атты жаһандық жоба бар. Бұл – әлеуметтік ғылымдар бойынша әлемдегі ең ауқымқы зерттеу бағдарламасы. Жоба бойынша дүние жүзінің 110 елінде орналасқан 200-ден аса ғылыми және зерттеу ұйымдарының әлеуметтанушылары, саясаттанушылары, зерттеушілері және ғалымдары жұмыс істейді. Бағдарлама шеңберінде 1981 жылдан бастап әлем халқының 92%-ы тұратын 110 елде жаппай сауалдама жүргізіліп келеді. Аталған жаһандық жобаның аясында Қазақстанда екі рет сауалдама жүргізілген. Соның бірін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды. Бұл туралы бізге аталған институттың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Рақышева айтып берді.

Басқадан артың көруші, көкеміз Қайыпбек, қалай аман-есен жүрсің бе? Фашистерді шетінен
қырып жатырсыңдар ма? Сенің солай болуыңа бұл жақтан апам - Төржан, сонан соң біз
Сауыт екеуміз тілентеспіз. Көне, хатыңды алдық. Көке, хатты неге жиі жазбайсың? Апам тәуір
болып келе жатыр. Айтпаңшы, мен бүгін сағаның түбіндегі көтермені қайта соқтым. Ертең
тарының бірінші суын беріп боламын.
Сауыт та аман-сау жүр. Бетімен ойнап кетпейді. Апам екеуімізге шай қойып, көне істеп
береді. Күбіні де өзі пісіре беретін болды.
Көке, өздеріңнің жағдайларың қалай? Фашистерді біраз қырған шығарсыңдар. … Айтпақшы,
Саянның ағасы - Жанарбекті жау өлтіріп кетіпті ғой. Көке… Қалайша байқамай қалдыңдар, а?!
Көке Саянның өзі: «жақында соғысқа барамын», - деп жүр. Жібермесе - қашып кетемін,
әйтеуір, кетемін дейді. Ол бар ғой, көке… Ол барады. Сонан соң немістерге көресіні көрсетеді. Ол
бар ғой, ол жеңіп келеді.
Көне, біз сені әбден сағындың, Қалайда аман-есен келші! Көке, мен хат жазып отырғанда
мына Сауыттың сушашып жібергенін қарашы!
Нәне, ертеңнен бастап жұмысқа сенің кетпеніңді алып шығамын.
Қош бол, көке! Мен, Сауыт және адам.
(Т. Нұрмағамбетов «Он төрт жасар жігіт» повесінен)