В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
YOP56
YOP56
17.07.2020 06:22 •  Қазақ тiлi

Мұрат мөңкеұлы - ел мұңын жырлаушы эссе

Показать ответ
Ответ:
misspsix123
misspsix123
10.10.2020 13:24

Қазіргі кезде Қазақстан тарихын зерттеу, зерделеу ісіне үлкен мән беріліп келеді. Оған 2013 жылдың 5 маусымында Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің басшылығымен өткізген тарихшылардың жиыны түрткі болды. Бұл тарихшы ғалымдар алдынан тың тұрғыдан, тың әдістерді, тың деректерді пайдалана отырып қазақ тарихының жолында әлі де болса ашылмай жатқан жақтарын жарыққа шығару міндеті қойылды. Қазақ тарихын тың тұрғыдан зерделеу, зерттеу үшін өлкемізде өмір сүрген жыраулардың шығармашылығын пайдалану ісі кезек күттірмейтін маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда Шынияз шығармаларында кездесетін деректердің негізінде Сарайшық тарихи кешеніне жеті ханның есімдері таңбаланған құлпытастардың қойылуын пайдалы тәжірибе ретінде айтуға болады. Ал Мұрат шығармаларын құрастырып, 1923 жылы Ташкент қаласында жинақ етіп бастырған, профессор Х.Досмұхамедов: «Қазақ тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды» деген болатын[1]. Міне, содан бері табанданған 90 жыл уақыт өтіпті. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдар тарапынан ұлы жырау шығармаларындағы тұнып тұрған қазақ тарихын зерттеу, зерделеу, жариялау, көпшілік игілігіне айналдыру ісі әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолған алынған жоқ. Ал шындығында Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», т.б.толғауларында қазақ халқының 5-6 ғасырлық тарихы асқан шеберлікпен баяндалады. Оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс, жайылым, өріс, құдық аттары — әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл мұра. Мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары, 300-дің үстінде адам аттары кездеседі. Солардың барлығын анықтап, кім қай жерде, қай кезеңде өмір сүрді, қандай оқиғаларға қатысты, еліне, жұртына қандай еңбек сіңірді және т.б. мәселелердің басын ашып алу — біздің тарихшылардың кезек күттірмейтін аса шаруасы болып табылады. Сайып келгенде Мұрат жырларында молынан кездесетін тарихи деректерді пайдалана отырып, өлкеміздің тарихын жазу ісімен қазірден бастап айналы біз уақытты өткізіп аламыз. Меніңше үш маңызды шаруаға тарихшылар, әдебиетшілер, географ мамандар, философтар мен халық педагогикасын зерттеушілер араласуы керек. Себебі ұлы жыраудың көтерген тақырыптарының ауқымы өте кең. Әрине, осы кезеңге дейін Мұрат шығармаларын Қ.Жұмалиев, Қ.Сыдықов, Б.Қорқытов, Б.Омаров сынды көрнекті ғалымдар әдеби туындылар ретінде зерттеген болатын. Енді Мұрат шығармаларын тарихи тұрғыдан зерттеудің уақыты жетті. Бұл жөнінде әлем тарихындағы пайдалы тәжірибелер бізге үлгі бола алады. Мәселен, б.э.д. ІХ ғасырда өмір сүрген гректің ұлы жыршысы Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» атты жырлары осы елдің тарихын жазу үшін аса маңызды дереккөздері ретінде пайдаға асырылды. Ежелгі грек тарихының аса маңызды оқиғасы грек-троя соғыстары туралы деректердің оны «Иллиададан» алып, елдің классикалық тарих оқылығына енгізілгенін бүкіл жұртшылық жақсы біледі. Кейін, ХІХ ғасырда неміс археологы Г.Шмиман Кіші Азия түбегінен Троя қаласының орнын тауып, Гомер шығармаларындағы тарихи деректердің дұрыстығынайна-қатесіз дәлелдеген еді. Тарихын жазу үшін біз неге жырауларымыздың шығармаларындағы дереккөздері пайдаға асырмаймыз? Бұл мәселені 2004 жылы академик З.Алдамжар да орынды көтерген болатын. Осы жерде айтылатын маңызды бір мәселе: зерттеушілердің Мұрат шығармаларының мұрағаттық роль атқара алатынын ескергені жөн, яғни жырау шығармаларын зерттеу, сараптау, зерделеу барысында ондағы дерекжер дұрыс па, бұрыс па деп жалтақтаудың ешқандай қажеті жоқ. Мұрат өз шығармаларындағы тарихи деректерді сол кездегі аға буын өкілдерінен, атап айтқанда Есет Қараұлы, Мәтжан сынды ақылгөй даналардан алып жырларына қосып отырған. Олар өз кезегінде өздерінен үлкен шежіреші ақылгөймен араласа отырып, тарихи деректерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Шындығында қазақ халқының өткен тарихын, жазу барысында көшпешілердің — өзге халықтардан ерекшеліктерімен, айыршашылықтарын, атап айтқанда жазба тарихының болмағанынан, ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі мүлтіксіз жеткізіліп отырған ауызша тарихының, шежіресінің болғанын, ал оның аса көрнекті өкілі Мұрат сынды тарихшыларының болғанын ескеруге тиістіміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота