Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.
1. Сан есімі бар мақалды табыңыз
А) Бес саусақ бірдей емес
В) Екі қолын бірдей көтерді
С) Ортада екі ұзын көше жатыр
D) Он оқушы саябаққа барды
Е) Екі қолда он саусақ
Бұл барлық нұсқаларда сан есім бар.
2. Лепті сөйлемді табыңыз
А) Апырай, табиғат ана шебер-ақ қой
3. Омоним болатын сөзді табыңыз
А) дүние
Дүние - өмір
Дүние - зат
4. Қысаң дауысты дыбысты табыңыз
А) ы,і,и
5. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) 2
6. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) дара,күрделі
7. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны
A) 9
8. Тұйық буын деген не?
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді
9. Еріндік, жіңішке әрі қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) ү
10. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.
A) Қыста қар қалың жауды.
11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
B) балалар
12.Синоним сөздерді табыңыз.
A) шыдамды, төзімді
C) қария, қарт
D) әдемі, көрікті
E) атамекен, отан
Бұл 4 нұсқада дұрыс
13. Мақалды табыңыз.
A) Жері байдың елі бай.
14. Антонимді табыңыз.
A) ашық,жабық
15. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) тау-тау,көре-көре
16.Қосарлама қос сөзді табыңыз
A) ата-ана, әке-шеше
17.Қысқарған сөздерді табыңыз
A) БҰҰ,ТМД,АПИ
18. Қате жазылған қатарды табыңыз.
A) АҚШ-на,ТМД-ғы,ҚазМУ-не
19. «-ау, -еу» қай сөз табының жұрнағы.
A) Сан есім
Мысалы: біреу, екеу
20. Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.
B) рай
21. Жалғау жалғанбайтын сөз табын табыңыз.
B) Етістік
22.Көптік жалғауын табыңыз
A) –лар, -лер
Мысалы: жануарлар
23.Тәуелдік жалғауын табыңыз
A) –ың,-ің,-ыңыз,-іңіз
Мысалы: Сіздің затыңыз.
24.Жіктік жалғауын табыңыз
A) –мын/-мін
25.Септік жалғауын табыңыз
A) –дың,-дің
Жазғы демалысымды қалай өткіземін?