Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз. А мәтіні
Домбыра туралы аңыз
Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін
деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Түрі
Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.