Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз. «Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз.
Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:
Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?
Менің ойымша, еңбек адамы - ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.
Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?
Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын, солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) мақала
В) әңгіме
С) сұхбат
очерк
Жанрға тән екі ерекшелікті жазыңыз.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.