Мәтінді оқы, аудар. Прочтии и переведи текст (устно)
Қазақ халқында табалдырық — қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен
кедейліктің де шегарасы. Табалдырық — бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа бакыт
Қашады». «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті
Шақырма» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық — бакыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың. кұтты адам
аттаса бай боласың.
Сұрақтарға жауап бер. ответь на вопросы (письменно).
1. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
2. Табалдырық ненің шегарасы?
3. Табалдырыққа қатысты қандай тыйым сөздер бар?
4. Табалдырық ненің белгісі?
1)сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді.
2)Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер.
"Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.